НұСҚаулар «Э лектрлік шамаларды өлшеу»


Тақырыбы: Электр динамикалық жүйедегі аспап



бет13/37
Дата19.12.2023
өлшемі0,86 Mb.
#140861
түріНұсқаулар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Тақырыбы: Электр динамикалық жүйедегі аспап.
Масштабты өлшеуіштік түрлендіргіштер


Сабақ жоспары

6.1. Электр динамикалық жүйедегі аспап элементтерінің қызметін зерттеу. Аспаптың шкаласының теңдеуі.


6.2 Амперметрдің өлшеу шектігін кеңейту үшін масштабты түрлендіргіштерді қосу сұлбалары. Шунттарды есептеу.
6.3. Вольтметр өлшеу шектігін кеңейту үшін масштабты түрлендіргіштерді қосу сұлбалары. Қосымша кедергілерді есептеу.


6.1 Электр динамикалық жүйедегі аспаптың құрылысы

Электр динамикалық аспап қозғалмайтын (1) және айналып тұратын оське (2) бекітілген қозғалмалы (3) екі катушкадан тұрады. Электр динамикалық жүйенің өлшеу механизмдерінің жұмыс принципі (6.1-сурет) тогы бар екі катушканың, атап айтқанда қозғалмайтын 1 және қозғалмалы 2 катушкалардың магнит өрістерінің әрекеттесуіне негізделген.


Қозғалмалы катушканың айналуына қарсы моментті ток жүретін спираль серіппелер (4) тудырады. Ұяшықтарға (5) отырғызылған оське аспаптың тілі (6) бекітілген. Тіл мен шкала (7) арқылы аспаптың көрсетуі анықталады.

1- қозғалмайтын катушка; 2 - ось; 3 - қозғалмалы катушка;
4 - серіппе; 5 - ұяшық; 6 - аспаптың тілі; 7 - шкала.

6.1-сурет. Электр динамикалық аспаптың сұлбалық құрылысы


Катушкалармен ток жүргенде пайда болатын магнит өрісінің энергиясы


, (6.1)
мұндағы L1, L2 – қозғалмайтын және қозғалмалы катушкалардың индуктивтілігі; І1, І2 – қозғалмайтын және қозғалмалы катушкалардың тогы; М12 – орауыштардың өзара индуктивтілігі.

Қозғалмайтын және қозғалмалы катушкаларддың магнит өрістерінің әсерлесуінің нәтижесінде қозғалмалы катушкаға түсірілетін айналдырушы момент магнит өрісі энергиясының катушканың бұрылу бұрышына байланысты өзгерісімен анықталады, яғни




, (6.2)

катушкалардың тогы мен индуктивтілігі олардың кеңістіктегі орнынан тәуелсіз болатындықтан, айналдырушы моменті:




, (6.3)

Айналдырушы моментті серіппелердің қарсы әрекет моменті теңестіріп тұратындықтан, аспаптың бұрылу бұрышы (аспаптың шкаласының теңдеуі):




, (6.4)
мұндағы аспаптың сезгіштігі, тұрақты шама


,

Электр динамикалық жүйедегі аспаптың артықшылығына келесілер жатады:


- тұрақты және айнымалы ток тізбектерінде өлшеуді жүргізуге болады;
- ваттметр ретінде қолдануға болады;
- дәлдігі жоғары.
Электр динамикалық жүйедегі аспаптың кемшілігі:
- шкаласы қалыпты емес;
- сезгіштігі төмен;
- аспаптың көрсетуі сыртқы магнит өрістерінен тәуелді.
Электр динамикалық аспаптармен тұрақты және айнымалы токтың кернеуін, тогын және куатын өлшеуге болатынын көрсетеді. Осы себепті әдетте электр динамикалық аспаптар вольтметр, амперметр және ваттметр ретінде қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет