НұСҚаулар «Э лектрлік шамаларды өлшеу»



бет21/37
Дата19.12.2023
өлшемі0,86 Mb.
#140861
түріНұсқаулар
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37
Әдістемелік ұсыныстар

1. Вольтметрлердің жұмыс принципін қарастыру кезінде сұлба элементтерінің тағайындалуына көңіл бөлу.


2. Вольтметрлердің жұмыс принципін қарастыру кезінде сұлба элементтерінің арасындағы өзара логикалық байланысқа көңіл бөлу.
3. Уақыт-импульстік вольтметр үшін импульстер санын есептеу үшін формуласы, ал интегралдаушы вольтметр үшін импульстер санын есептеу үшін формуласы пайдаланылады. Осы формулаларды қорытындылауға көңіл бөлу.


Өз бетінше дайындалуға тапсырмалар

1. Уақыт-импульстік вольтметрлердің жұмыс алгоритмін жазу.


2. Интегралдаушы вольтметрлердің жұмыс алгоритмін жазу.
3.ОБӨЖ тапсырмасындағы 2.1-есептің 2 және 3 пункттерін орындау .


Бақылау сұрақтары

1. Қандай мақсат үшін уақыт бойынша үздіксіз өлшенетін шаманың дискреттелуін және деңгейі бойынша квантталуын жүргізеді?


2. Дискреттелудің қателігі деген не?
3. Кванттаудың жақын екі деңгейлерінің арасындағы айырма қалай аталады?
4. Сандық өлшеуіш аспаптардың тораптарының (триггерлердің, қайта санақ құрылғыларының, таңбалық индикаторлардың, электронды кілттердің, логикалық элементтердің, дешифраторлардың, салыстырушы құрылғы-лардың) тағайындалуын түсіндіріңдер.
5. Уақыт-импульстік вольтметрдің блок-сұлбасы және жұмыс принципі.
6. Интегралдаушы вольтметрдің блок-сұлбасы және жұмыс принципі.
9-тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Электронды осциллограф


Сабақ жоспары

9.1 Электронды осциллографтың тағайындалуы.


9.2 Электронды-сәулелі түтікшенің негізгі элементтері және жұмыс принципі.
9.3 Осциллографтың құрылымдық сұлбасы.


9.1 Электронды осциллографтың тағайындалуы

Электронды осциллограф электрлік тізбектегі өтіп жатқан процестердің түрін және тез өзгеріп жатқан сипатын көзбен бақылауға және фотоға түсіруге мүмкіндік береді. Осциллографтың көмегімен электрлік тербелістердің формасын зерттеуге, тұрақты және айнымалы кернеуді өлшеуге, электрондық аспаптарды бақылауға және сипаттамаларын түсіруге, жиілікті өлшеуге, радиоаппаратураның күйін келтіруге болады. Электрондық осциллографтың көмегімен тек периодты ғана емес, сондай-ақ қысқа мерзімдік электрлік үдерістерді де, импульстік электрлік разрядтарды да бақылап зерттеуге болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет