Тістерді ырғау (бұрау) - маятник тәрізді қимылдармен таңдай және вестибулярлы жаққа қарай қозғау амплитудасын біртіндеп арттыру қажет. Жоғарғы жақта бірінші қозғалыс ішке қарай орындалады. Жоғарғы І премолярлар люксациялық қимылмен, ІІ премолярлар ротация мен қозғалту арқылы жұлынады.
Тіс ұяшығынан шығару (тракция): тісті ырғалту аяқталғаннан кейін және тістің ұяшықпен байланысы толық жойылғаннан кейін жүзеге асырылады. Тісті төменге және сыртқа қарай шығарады.
Жоғарғы жақта молярларды жұлу операциясын жүргізу
1
Құралдарды таңдау: лоток, пинцет, гладилка, S – тәрізді бүртігі бар қысқыштар (оң және сол жақ). Таңдай түбіріне арналған ұртбасы дөңгелектенген немесе жазық, ал екінші (ұрт түбірлері қиылысына орналасқан) - үшкір бүртіктің болуы.