Ұнтақтарды орамдау және қаптау қалай жүргізіледі? Ол үшін қандай аппараттар қолданылады? Олардық жұмыс принципі қандай?


Экстаркттар дегеніміз не? Экстракттардың қандай түрлерін білесің? Экстракттарды алудың технологиялық сызбасын жасаңыз



бет18/20
Дата21.10.2023
өлшемі0,89 Mb.
#120086
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
1 рк 25 сурак

22. Экстаркттар дегеніміз не? Экстракттардың қандай түрлерін білесің? Экстракттарды алудың технологиялық сызбасын жасаңыз.
Экстракт- дәрілік өсімдік шикізатынан немесе жануарлардан алынатын шикізаттан қозғалмалы, тұтқыр сұйықтықтар немесе құрғақ массалар болып табылатын концентрацияланған алу.Өсімдік материалы сыгындауга арналган экстрагентке байланысты барлық экстрактар келесі топтарға бөлінеді:
Сулы экстрактар - Extracta aguosa
Спиртті экстрактар —Extracta spirituosa
Эфирлі экстрактар - Extracta aetherea
Майлы экстрактар - Extracta oleosa
Консистенциясы бойынша экстрактар:
Сұйық - Extracta fluida - қозғалмалы, боялган сұйыктықтар; Қою - Extracta spissa - ылгалдылыгы 25% -ға дейін болатын тұтқыр массалар;
Кұрғақ - Extracta sicca - ылғалдыгы 5%-ға дейін болатын сусымалды массалар.
Сұйық экстрактар кептірілген өсімдік материалынан алынған, ерімейтін тұнбалардан тазартылган және дербес дәрілік препараттар ретінде қолданылатын концентрлі спиртті-сулы сығындылар. Сұйық экстрактар көбінесе тамшылар түрінде қабылданады немесе күрделі сұйық дәрілердің құрамына кіреді және өте сирек жағдайларда күрделі ұнтақтардың кұрамына кіреді. Сұйық экстрактарды стандарттау әсер етуші заттардың пайыздық мөлшері, спирттің мөлшері немесе тығыздығы, құрғақ қалдық жэне ауыр металдар (0.01%) бойынша жүргізіледі.
Қою экстрактар дәрілік өсімдік шикізатынан алынатын қойылтылган концентрлі сығындылар болып табылады. Жекеленген жағдайларда қосарлы заттардан тазартылған және ылғалдылығы 25%-дан аспауы керек.
Олар құрамында ащы, ащы- ароматты немесе тәтті заттары бар өсімдіктерден алынады.
Қою экстрактар байланыстырғыш заттар ретінде, корригентгер ретінде қолданылады, ұнтақтар, микстуралар қүрамына кіреді.
Құрғақ экстрактар ұнтақ тәріздес, ылғалдылығы 5%-ға дейін болатын, экстрагенті толық аластатылган сусымалды массалар. Бұлар экстрактардың ең қолайлы тобы болып табылады.
Эфирлі экстракт - еркек усасыр папорт- нигі қою экстрактысы алынады . Бұл экстракт «Сокслет» аппаратында циркуляциялық тәсілмен дайыңдалады. Экстрагенттер ретінде этил эфирінен басқа да экстрагенттер қолдануға болады - дихлорэтан, төрт хлорлы көміртегі.
Майлы экстрактар өсімдік шикізатынан өсімдік немесе минералды майлардың көмегімен алынган сығындылар.
Экстрагенттер ретінде колданылатын еріткіштерге фармацевтік өндірістің ерекшеліктеріне байланысты қосымша арнайы талаптар қойылады. Бұлар: экстрагенттің іріктеушілігі немесе сұрыптаушылығы; жоғарғы экстракциялаушы қабілеті немесе сыйымдылығы; микробиологиялық тұрақтылығы; ұшқыштығы; кайнау температурасының неғұрлым төмен болуы және т.б.
Экстракциялық препараттар алудың негізінде өсімдік және жануарлар шикізатынан дәрілік әсері бар заттарды
әртүрлі еріткіштерді (экстрагенттерді) пайдапана отырып, оларды сығындап бөліп алу процессі жатады.
Экстракциялық препараттар алудың жалпы технологиялық схемасы келесі сатылардан тұрады:
1) шикізат пен экстрагенттерді дайындау;
2) шикізатты экстракциялау (сығындау);
3) алынған сыгындыны тазарту;
4) стандартизациялау.
Өсімдік шикізатын дайындау оны тиісті ұнтақтагыштарда ұнтақтаудан және елеуден түрады. Шикізат орташа майда ұнтактан өте ірі ұнтақтарға дейін ұнтақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет