Нуржігіт Алтынбеков
97
Айталық, бүйректе, талақта, миокардта қан ағысы тоқтағандықтан және
туберкулез микобактериясының әсерінен дамыған некроз ошақтары осындай.
Кейде ол қан сіңіп, керісінше, қоңыр қызыл түсті. Бұған веналық қан іркілген
өкпедегі циркуляциялық некроз ошақтары мысал бола алады. Терідегі, ішектегі,
жатырдағы некроз ошақтарына қанның өзгерген пигменттері сіңетіндіктен,
оның реңі кірлі қоңыр, бозғылт жасыл немесе қара болады. Кейде некроз
ошағына өт сіңеді. Шіріген тіннің иісі ерекше сасық болады.
Классификациясында
даму
себептері, механизмдері және клиника-
морфологиялық ерекшеліктері ескеріледі.
Даму себебі
тұрғысынан, некроз: травмалық (жарақаттық), уытты әсерлік,
трофоневроздық; аллергиялық, қан тамырлық түрлерге жіктеледі.
Жарақаттық
некрозды
физикалық немесе химиялық факторлардың тікелей
әсері дамытады. Ол радиация; жоғары (күю) немесе төмен (үсу)
температураның әсерінен және электрлік жарақаттың жиегінде байқалады.
Уытты
әсерлік
некроз
бактериялық немесе түрлі текті токсиндердің (қышқыл,
сілті, дәрі-дәрмек, этил спирті, т.б.) әсерінен дамиды. Сулемамен (алмаспен)
уланғандағы
бүйректің
проксимал
өзекшелерінің
некрозы
мен
кардиомиоциттерде дифтерия экзотоксинінің әсерінен дамитын некроз да осы
топқа жатады.
Трофоневроздық
некроз
тіндер трофикасын жүйкелік жүйе дұрыс
реттемегендіктен
дамиды.
Соның
салдарынан
дистрофиялық
және
некробиоздық үдерістер туындап, некрозға ұласады. Орталық және шеттік
жүйкелік жүйенің аурулары мен жарақаттары кезіндегі некроз осы себептен
дамиды (шеткі жүйкелік сабақтар зақымдалғандағы ұзақ уақыт жазылмайтын
жаралар). Жауыр да трофоневроздық некроздың мысалы.
Аллергиялық
некроз
гиперсезімталдықтың жедел типінің бейнесі; көбінесе
сенсибилизациялы организмде байқалады. Оған, әдетте инфекциялық,
аллергиялық және аутоиммундық ауруларда жиі кездесетін
фибриноидты
некроз
тән. Аллергиялық некроздың тағы бір мысалы – Артюс феномені.
Тамырлық
некроз
инфаркт
деп аталады. Оның дамуына мүшенің артериялық
қанмен қамтамасыз етілуін тоқтататын тромбоз, эмболия, ұзақ мерзімді спазм
себеп болады (
ангиогендік
некроз
). Қанмен қажетті мөлшерде қамтамасыз
етілмесе, ишемия мен гипоксия дамып, тотығу-тотықсыздану үдерістері тоқтап,
тін өледі (
ишемиялық
некроз
). Ерекше күш түсетін мүшеде қанмен қамтамасыз
ететін басты артериялар түрлі себептерден тарылып, коллатеральдар арқылы
келетін қан жеткіліксіз болса да тамырлық некроздың даму қаупі бар. Бұған
тәждік (коронарлық) артериялардың саңылауы атеросклероздан тарылған
миокардта күш түскен кезде дамыған ишемиялық некроз мысал.
Достарыңызбен бөлісу: