Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Тас түзілу үдерісінің әсері мен салдары



Pdf көрінісі
бет103/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   832
Байланысты:
струков патан

Тас түзілу үдерісінің әсері мен салдары
айтарлықтай зардапты болуы 
мүмкін. Тастың қысымынан жатқан жерінің (бүйрек түбегі, зәр жолдары, өт 
қабы мен өт жолдары, бүйен өсіндісі) тіндері өліп, жауыр (пролежнь) 
қалыптасады, тесіледі, жыланкөз пайда болады. Тас қуысты мүшелер 
(пиелоцистит, холецистит) мен өзектердің (холангит, холангиолит) қабынуына 
себеп болады. Секрет дұрыс шығарылмаса, жалпы (мысалы, өт жолдарын 
бітесе, сарғаю) немесе жергілікті (зәр жолдарын бітесе, гидронефроз) ауыр 
зардаптары байқалады.


Нуржігіт Алтынбеков 
95

Некроз 
Некроз
(грекше: 
nekros
– өлген, өлі) – организмнің тірі кезінде, оның 
жасушалары мен тіндерінің тіршілік әрекеті толық тоқтап, өліп жойылуы. Даму 
барысында некроз үдерісі бірқатар сатылардан өтетіндіктен, оның 
морфогенезі

1) некрозға ұқсас, бірақ қайтымды өзгерістер – паранекроз; 2) анаболизмнен 
катаболизм реакциясы басым, қайтымсыз дистрофиялық өзгерістер – 
некробиоз; 3) даму сәтін анықтау қиын – жасушаның өлуі (жойылуы); 4) 
жойылған жасушалар мен макрофагтардың гидролиздік ферменттердің әсерінен 
өлі субстраттың ыдырауы – аутолиз. Аутолиз бен некроздың, әсіресе 
макроскопиялық тәсілді және жарық оптикасын қолданғанда анықталатын 
өзгерістері бір-біріне ұқсағанымен, мәні бірдей ұғымдар емес. Некроздың 
ерекше нысаны – 
апоптоз
(грекше: 
apo
– бөліну; 
ptosis
– түсу, құлау). 
Апоптоздың барысында жасуша бөлшектеніп, апоптоздық денешіктер (тіршілік 
қабілеті бар мембранамен қоршалған бөлшектер) түзеді, кейін ол денешіктерді 
макрофагтар сіңіреді (фагоцитоз). 
Қандай да болмасын әрекет физиологиялық регенерация арқылы қалпына 
келтіріліп отыратын материалдық шығынды талап етеді, сондықтан некробиоз 
бен некроздық үдерістер (некроз, апоптоз) организмде үздіксіз жүріп тұратын, 
оның қалыпты тіршілік әрекетінің бір көрінісі болып табылады. Организм 
жасушаларының басым көпшілігі тозып, табиғи жолмен өліп, түлеп, 
жаңаратынын және түрлі жасушалардың өмір сүру мерзімі олардың генімен 
себептес байланыстылықта екендігін де естен шығармаған жөн. Тозып, табиғи 
өлген жасуша кейін физиологиялық аутолиз бен апаптоз негізінде ыдырап
жойылады. 
Сөйтіп, организмде үздіксіз жүріп жатқан физиологиялық деструкция, яғни 
некроз немесе аутолиз үдерістерімен қатар, оның қалыпты тіршілігін 
қамтамасыз ететін қалпына келтіру, яғни репарациялық, регенерациялық 
үдерістер де жүзеге асып жатады. 
Некроз белсенді әрекетті паренхималық құрылымдарда (миокардтың күш көп 
түсетін бөлімдері, бүйректің проксимал және дистал өзекшелері, мидың 
нейрондары, т.б.) ертерек басталып, соларда жиірек байқалады. Некроз 
жасушалар тобын, тұтас бір жасушаны, жасушаның бір бөлімін, тінді, мүшені 
толық немесе оның жеке бөлімін, дененің кейбір жерлерін қамтуы мүмкін. 
Сондықтан кейде микроскоппен ғана анықталса, енді бірде оны жай көзбен де 
көруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет