маңызы тромбының қалыптасу қарқынына, орнына, ауқымы
мен ақырының сипатына байланысты. Кейде, үдерістің ақыры
қолайлы .
Мысалы, тромб аневризаның қабырғасындағы зақымды «бекітеді». Дегенмен,
тромбоз көбінесе
қауіпті құбылыс ; тромб
артерияны бітеп , гангрена немесе
инфаркт дамытады. Енді бірде, тіпті ірі артериялардың тармақтарында баяу
түзілген қабырғалық тромбының
зардабы онша
болмайды,
өйткені
коллатеральдық қанайналым қалыптасып үлгереді.
Ал,
өршімелі тромбоз бен
сепсистік тромбоздың қаупі өте зор.
Ірі венаны бітеген (обтурациялық) тромбының қаупі, оның дамыған жеріне
қарай, әртүрлі. Мысалы, отит немесе мастоидит асқынғандықтан мидың қатты
қабықшасының синустарында дамыған тромбоз мидағы қанайналымын бұзса,
талақтық венаның тромбозы – спленомегалия (тромбылы флебиттік
спленомегалия), бүйректік венаның тромбозы – нефроздық синдром мен
бүйректің веналық инфарктісін, бауырлық венаның тромбылы флебиті – Бадд-
Киари ауруын, ал шажырқайлық венаның тромбозы – ішекте гангрена
дамытады. Аяқ веналарының тромбылы флебитінің (тромбоз қосарланған
флебит) өзіне тән клиникалық бейнесі болса, флеботромбоз (веналық тромбоз) –
өкпе артериясының тромбылы эмболиясының даму көзі.
Тромбоз бен тромбылық эмболияның клиникалық маңызы – бұл үдерістердің
көптеген аурулардың өлімге ұшырататын зардабы ретінде дамуында; соңғы
жылдарда тромбэмболиялық асқыну жиі байқалатын болды.
Э МБОЛИЯ Эмболия (грекше:
em-ballien – ішке тастау) кезінде қанайналымында қалыпты
жағдайда болмайтын бөлшектер пайда болып, қан тамырын бітейді. Бұл
бөлшектер эмбол деп аталады (61-сурет). Қанның ағысына сәйкес (
ортоградты эмболия ) жылжыған эмболдың үш бағыты бар: 1) үлкен қанайналымы шеңбері
мен жүректің оң жақ бөлімі арқылы кіші қанайналымының тамырына барады.
Мысалы, жоғарғы немесе төменгі қуыс венадағы эмбол өкпелік артерияға; 2)
жүректің сол жақ бөліміндегі, қолқа мен ірі артериялардағы, кейде өкпенің
веналарындағы эмбол жүрек, ми, бүйрек, талақ, ішек, аяқ-қол немесе басқа да