Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет148/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   832
Байланысты:
струков патан

 62-сурет. Шораяқ. 
Лимфедема 
лимфалық стазға
(лимфостаз) ұласса, лимфалық тамырларда 
белоктық коагулянттар – тромб түзіледі. Сонымен қатар, лимфалық 
капиллярлар мен тамырлардың өткізгіштігі артып, тіпті қабырғасы жыртылады 
да, 
лимфарея
(лимфаррагия) дамиды. Лимфа қоршаған ортаға кетсе, сыртқы 
лимфарея, лимфа тіндер мен ішкі қуыстарға құйылса, 
ішкі лимфарея
дамиды. 
Ішкі лимфарея хилездік асцит пен хилоторакстың даму себебі. 
Хилездік асцит
кезінде құрсақ қуысына хилездік сұйықтық (құрамында май 
көп) жиналады. Ол құрсақ қуысы мүшелеріне лимфа күрт іркілгенде немесе 
ішек пен шажырқайдың лимфалық тамырлары зақымдалғанда дамиды. 
Хилездік сұйықтық сүт тәрізді ақ түсті. 


Нуржігіт Алтынбеков 
132
Хилоторакс
кезінде көкірек қуысына хилездік сұйықтық жиналады. Оның 
дамуына көкірек қуысындағы лимфалық өзектің зақымы, тромбымен немесе 
ісікпен бітелуі себеп болады. 
Лимфалық жүйе жеткіліксіздігінің 
зардаптары
мен 
маңызы
– ең алдымен 
лимфалық жүйенің ғана емес, веналық жүйе (веналық іркілу) жеткіліксіздігінен 
тіндік метаболизмнің бұзылуында. Нәтижесінде тіндік гипоксия жедел 
лимфедемадан дамыса, дистрофия мен некробиоздық үдерістер, лимфа 
ағысының іркілуі созылмалы болса, атрофия мен склероз дамиды. Сөйтіп, 
лимфа іркілсе де, қан іркілсе де гипоксия дамитындықтан, мүшелер мен тіндер 
стереотипті (таптаурынды) өзгереді. Лимфалық және қанаайналымдық 
жүйелердің құрылым-қызметтік үйлесімділікте болтынын ескерсек, бірқатар 
патологиялық үдерістердің патогенездік механизмдерінің ортақтығы және 
сабақтастығы түсінікті жайт. 
Тіндік сұйықтық мөлшерінің өзгерістері 
Тіндік сұйықтықтың мөлшері
қанайналымы мен лимфаайналымының және 
қан тамыры-тінаралық өткізгіштіктің деңгейіне тәуелді. Сондай-ақ, ол қан мен 
лимфаның және тіндік сұйықтық жиналатын жасуша мен жасушааралық заттың 
қалпына байланысты. Тіндік сұйықтықтың мөлшерін жүйке-гуморальдық 
механизмдер реттейді; әсіресе альдестерон мен гипофиздің антидиурездік 
гармонының маңызы зор. 
Тіндік сұйықтықта белок аз (1% шамасында) және жасушаларда ол белоктық 
коллоидтармен, ал дәнекер тінде негізгі заттың белоктары және 
гликозамингликандарымен қосылыс түзеді. Сұйықтықтың негізгі бөлімі 
жасушааралық затта. Тіндік сұйықтықтың алмасуы бұзылса, ол азаяды немесе 
көбейеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет