Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет143/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
127
мүшенің макробейнесі өзгермейді. Майлы эмболды майды анықтау үшін 
арнайы (судан III немесе IV, осмий қышқылы, т.б.) боялған кесінділерді 
микроскоппен зерттеп қана көруге болады. 
Майлы эмболия, әдетте шел май, сүйек кемігі (сүйек сынғанда, оқпен 
жарақаттанғанда) жанышталаған жарақатта байқалады. Кейде ол май 
ерітіндісінде дайындалған дәрілерді немесе контрастылық заттарды құйғанда 
дамиды. Жіліктер сынғандағы майлы эмболияның клиникалық нышандары 
көбіне байқала қоймайды, өйткені өкпедегі май эмульсияға, сабынға айналады 
және оны липофагтар сіңіріп, жояды (пневмония дамуы да мүмкін). Майлы 
эмболдар өкпе капиллярларының 2/3
бітесе, өмірге қауіп туады; өкпенің жедел 
жеткіліксіздігі дамып, жүрек тоқтайды. Майлы эмболдар ми капиллярларын 
бітесе, ми тінінде көптеген қанды дақтар пайда болып, өлімге ұшыратуы 
мүмкін. 
Ауалы эмболия
қан арнасына ауа кіргенде дамиды. Эмболияның бұл сирек 
түрі ішіндегі қысымның кері мәні қолайлы мойынның веналары 
жарақаттанғанда, жатыр веналарының саңылауы босанғаннан кейін ашық 
тұрғанда, веналары қабыспайтын склерозды өкпе зақымдалғанда, пневмоторкс 
жасағанда, ашық жүректегі операцияда және венаға дәрімен бірге ауаны 
жазатайым жіберіп алғанда дамиды. Қанға кірген ауа кіші қанайналымында 
эмболия дамытып, өлімге ұшыратады. Кірген ауа жүректің оң жақ 
қарыншасына жиналып, оны керіп жібереді. 
Ауалы эмболияны мәйітте зерттеген кезде анықтау үшін жүректің оң жақ 
қарыншасын үлпершек қуысын толтырған судың астында тесу керек. Ауалы 
эмболия орын алса, сол тесіктен ауа шығуға тиісті және жүректегі, әсіресе оның 
оң жақ қарыншасындағы қан көпіршіп тұрады. Веналардағы қанда да ауа 
болады. 
Газды эмболия
кезінде қан тамырларын газ бітейді. Эмболияның бұл түрі 
кессонда жұмыс істейтін жұмысшыларды немесе сүңгуірлерді жоғары 
атмосфералық қысымнан атмосфералық қысым қалыпты ортаға тым жылдам 
ауыстырғанда, яғни декомпрессия өте тез жасалғанда байқалады. Өйткені 
неғұрлым қысым жоғары болса, соғұрлым қанда азот көп еріп, мөлшері тым 
көбейіп, тінге ауысады. Ондайда декомпрессия тым тез жасалса, қандағы азотты 
өкпе толық шығара алмай, қанға жиналған газ көпіршіктері ми мен жұлынның, 
бауырдың, бүйрек пен басқа да мүшелердің капиллярларын бітеп, ишемия және 
некроз ошақтары, көптеген қанды дақтар мен тромбылар қалыптасады. Әсіресе, 
тіні жидіген ошақтар ми мен жұлында көп болады. Бұл үдерістер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет