Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет144/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   832
кессон 
ауруына
тән. Тап осындай үдерістер тым ұшқыр ұшақпен аспанға тым жылдам 
көтеріліп, күрт қонған ұшқыштарда да байқалады. Кейде газды эмболия 
газды 
(анаэробты) гангренаның
зардабы ретінде де дамиды. 
Тіндік (жасушалық) эмболия
жарақаттан немесе патологиялық үдерістен ауыр 
зақымдалған тіндердің бөлшектері (жасушалар) түскенде дамиды (61-суретті 
қара). Эмболға ісік тіні немесе жидіген ісіктің жасушалар кешені, ойық жаралы 
эндокардит кезіндегі жүрек қақпақшаларының бөлшектері, жарақаттанған 
мидың тіндері айналуы мүмкін. Босану кезеңінде жарақаттанған сәбидің 
миының тіні де кіші және үлкен қанайналымы шеңберлерінің қан тамырларына 


Нуржігіт Алтынбеков 
128
еніп, тіндік эмболия дамыта алады. Тіндік эмболия тобына амнион 
сұйқтығының эмболиясы да жатады. Тіндік (жасушалық) эмболия көбіне кіші 
қанайналымында дамып, үлкен қанайналымы тамырларында сиректеу 
байқалады. Тіндік эмболияның ерекше тобы – қатерлі ісік жасушаларының 
эмболиясы; 
өйткені 
бұл 
эмболия 
ісіктің 
гематогендік 
жолмен 
метастаздануының негізгі патогенездік механизмі. 
Метастаздану
(грекше: 
metastasis
– көшу) деп түсен жерінде үдерістің жаңа ошағын қалыптастыра 
алатын элементтердің қанмен көшуін атайды. Көшкен ісіктік тіннен 
қалыптасқан ошақ 
метастаз
деп аталады. 
Микробты эмболия
кезінде қанайналымындағы микробтар капиллярдың 
саңылауын бітейді. Микробты эмбол бір-біріне жабысқан бактериялар немесе 
саңырауқұлақ түйіршіктері, паразиттер мен қарапайымдардан құрылуы мүмкін. 
Көбіне бактериялы эмбол іріңдеп жидіген тромбыдан түзіледі. Бактериялық 
эмбол қан тамырын бітеген жерде, әдетте эмбол кіші қанайналымы 
тамырларында болса, – өкпеде; үлкен қанайнылымының тамырларын бітесе, - 
бүйректе, талақта, жүрек пен басқа да мүшелерде іріңдіктер қалыптасады. 
Бөгде денелік эмболия
кезінде ірі тамырлардың саңылауына снаряд, мина, оқ 
жарықшақтары немесе басқа денелер түседі. Олардың массасы ауыр, сондықтан 
бұл эмболдар қан арнасында ұзақ жол жүрмей, мысалы, төменгі қуыс венадан 
жүректің оң жақ қарыншасына ғана жете алады. «Ауыр эмболға» 
ретроградтық
эмболия тән, яғни эмбол төмен қарай жылжиды. Кейде ондай 
эмбол төменгі немесе жоғарғы қуыс венадан олардың төмен жатқан 
тармақтарына түседі. Бөгде денелік эмболияға ізбесті эмболия және 
атеросклероздық түйнектер ойылған кезде үгітіліп қан тамырларының 
саңылауына түскен холестерин кристалдары жатады. 
Маңызы
. Аурулардың біразы эмболиямен асқынады. Тек газды эмболия ғана 
кессон ауруының мәні мен негізгі бейнесі. Дегенмен, эмболияның зардабы 
ретіндегі мәні әртүрлі және эмболдың түріне, қамтыған ауқымы мен дамыған 
жеріне байланысты. Тромбылы эмболия синдромының, әсіресе өлімге 
ұшырататын өкпе артериясы тромбылы эмболиясының клиникалық маңызы өте 
зор. Үлкен қанайналымы шеңбері артерияларының тромбылы эмболиясы мида, 
бүйректе, талақта инфаркт, ішекте, қол мен аяқта гангренаның дамуына жиі 
себеп болады. Ондай жағдайдың көбінде емге көне қоймайтын тромбылы 
эмболиялық синдром орын алады. Сепсистің айқын бейнесінің бірі әрі іріңді 
инфекцияның жайылу механизмі болып табылатын бактериялық тромбылы 
эмболияның клиникалық мәні ерекше. Метастаздану үдерісі негізделетін ісіктік 
жасушалар эмболиясының маңызы да айтарлықтай. Ауалы және майлы 
эмболияның маңызы онша емес, дегенмен олар да өлімге ұшырата алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет