Бауырдың
қақпалық жолдары
мен перисинусоидтық кеңістіктері, бүйректің, әсіресе милық затының
интерстицийі суланып ісінеді.
Даму механизмі
. Суланып ісінуді дамытатын факторлардың ішінде басты
рөлді қанның гидростатикалық қысымы мен плазмалық коллоид-осмостық
қысым, капиллярлар қабырғасының өткізгіштігі, тіндерге электролиттер мен
судың (лимфаның) көп жиналуы атқарады. Көбіне бұл факторлардың бірі
екіншісіне ұласып, бірін-бірі толықтырып отырады.
Микротамырларда гидростатикалық
қысым
артқан кезде сұйықтық көп
шығып, тіндерге жиналады. Сөйтіп,
механикалық
немесе
іркілулік
сулы
ісіну
қалыптасады.
Плазманың
коллоидты-осмостық
қысымы
төмендесе,
онкотикалық сулы ісіну дамиды. Капиллярлар қабырғасының мембранасы
зақымдалған кезде өткізгіштік артады, сондықтан плазмадан белок тым көп
шығып, тіндерге жиналады. Сулы ісінудің бұл түрі
мембранагендік
деп
аталады. Бірқатар аурулар кезіндегі сулы ісінудің дамуына тіндерге
электролиттердің, әсіресе натрий мен судың көп жиналуы себеп болады. Сулы
ісінудің біразы лимфа іркілгендіктен дамиды, оны
лимфагендік
сулы
ісіну
деп
атайды.
Сулы ісінуді дамытатын факторларды тамыр-жүрек жүйесінің аурулары,
аллергиялық және кейбір инфекциялық аурулар, улы заттардың әсері, бүйрек,
бауыр, ішек аурулары, жүктілік патологиясы, т.б. себептер іске қосады. Сулы
ісінуге веналық тромбоз, лимфаның іркілуі, жүйкелік трофиканың бұзылуы,
жарақаттар мен қабынулық үдерістер себеп болады.
Нуржігіт Алтынбеков
134
Классификациясы.
Дамытқан ауруларға немесе патологиялық үдерістерге
қарай, даму себептеріне аса мән бермей отырып, сулы ісінудің іркілулік,
жүректік, бүйректік, дистрофиялық, маразмдық (кахексиялық) қабынулық,
аллергиялық, уытты әсерлік, невроздық, жарақаттық түрін ажыратады.
Іркілулік сулы ісіну
флеботромбоздан, тромбылы флебиттен, лимфастаздан
дамып, әдетте шектеулі, яғни жергілікті сипатта болады. Оның дамуына
веналардағы қысымды арттырып, тіндік гипоксия дамытатын ұзақ мерзімді
веналық іркілу себеп болады. Өйткені бұл өзгерістерден капиллярлардың
эндотелийі мен базал мембранасы зақымдалып, өткізгіштігі артып, қаннан
сұйықтықтың (транссудация) шығуы үдейді. Лимфалық жүйенің қызметі
әлсіреп, сулы ісінудің қарқыны арта түседі.
Жүректік сулы ісіну
тек қана іркілудің салдары емес, жүрек қызметі
жеткіліксіздігінен дамиды. Қанның мүшелер арасындағы үлесі өзгергенде
көбейген альдостеронның қан іркілген бауырда қажетті мөлшері ыдырамайды.
Нәтижесінде альдостеронемия дамып, натрий жиналған тіннің сулы ісінуіне
қолайлы жағдай туындады.
Бүйректік сулы ісінудің
дамуында онкотикалық фактормен қатар, натрий
жиналуының да әсері бар. Бірақ бұл екі себептің рөлі әр ауруда әртүрлі.
Мысалы, нефроздық синдром қандай фактордан дамыса да, сулы ісінуге төмен
онкотикалық қысым себеп болады; өйткені қандағы белоктар несеппен тым көп
бөлініп (протеинурия), оның плазмадағы мөлшері азаяды (гипопротеинемия).
Гломерулонефрит кезіндегі сулы ісінудің дамуында натрий жиналуының
маңызы зор болады да, онкотикалық қысым онша әсер ете қоймайды. Бүйректік
сулы ісіну, әдетте беттен, яғни көз ұясының айналасынан басталып, кейін қол
мен аяқтың басын қамтиды.
Дистрофиялық сулы ісіну
тағамда белок аз болғандықтан дамиды. Сол себепті
орын алған гипопротеинемиядан қанның коллоид-осмостық қысымы
төмендейді.
Маразмдық (кахексиялық) сулы ісіну
де осы топқа жатады.
Қабынулық сулы ісіну
қабыну ошағына тән; оны перифокалдық сулы ісіну деп
те атайды. Басты себебі – капиллярлар мембранасы өткізгіштігінің артуы.
Аллергиялық, уытты әсерлік, невроздық
және
жарақаттық сулы ісінудің
даму
механизмі де тап осындай.
Сонымен, әртүрлі аурулар мен патологиялық үдерістер себеп болған сулы
ісінудің көбінің даму механизмдері ортақ.
Ақыры
көбінесе қолайлы болып, сұйықтық тарап кетеді. Сулы ісіну ұзаққа
созылса, гипоксия үдегендіктен, паренхималық жасушаларда дистрофия мен
атрофия дамып, ақыры склерозға ұласады.
Маңызы
сулы ісінудің даму себебі мен дамыған жеріне және ауқымына
байланысты. Мысалы, аллергиялық сулы ісіну өте қайтымды болса, жүректік,
бүйректік сулы ісіну ұзаққа созылып, аурудың ақырына айтарлықтай әсер етеді.
Мидың немесе өкпенің сулы ісінуі өлімге себеп болса, құрсақ қуысының
шемені ішкі мүшелердің қызметін бұзады.
Сулы ісінген тіндерде қабыну, некроз, ойық жара, трофикалық өзгерістер жиі
байқалады. Олар көбіне аутоинфекциямен байланысты. Аутоинфекция дене
|