Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет146/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
130
жоғалады, липидтер жиналып, миофибриллалар контрактурасы байқалады. 
Некрозды ұсақ ошақтар да болуы мүмкін. 
Айқын бейнелі құрылымдық өгерістерді шоктық мүшелерден ғана емес, 
асқазан-ішек жолынан, жүйкелік, эндокриндік және иммундық жүйелерден де 
көруге болады. 
Лимфаайналымының бұзылуы 
Лимфаайналымының
 бұзылуы
– оның әртүрлі нысандағы жеткіліксіздігі. 
Лимфалық жүйе кәріздік әрекеті арқылы тіндегі су мен жоғары молекулалы 
заттарды (белоктар, эмульсияға айналған липидтер, т.б.) сіңіріп, тін мен қан 
арасындағы метоболизмдік тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. 
Лимфалық жүйе жеткіліксіздігінің механикалық, динамикалық және 
резорбциялық түрлері бар. 
Механикалық жеткіліксіздік
ағысына кедергі жасап, лимфаны іркілтетін 
факторлардың әсерінен дамиды. Ол факторлар тобына лимфалық тамырлардың 
қысылуы немесе бітелуі (мысалы, ісік жасушаларымен); көкіректегі лимфалық 
тамырларды немесе түйіндерді сылып тастау (экстирпация) және лимфалық 
тамырлар қақпасының жеткіліксіздігі жатады. 
Динамикалық жеткіліксіздік
кезінде капиллярлардың фильтрациясы үдейді. 
Бұндайда лимфалық тамырлар интерстицийге сіңген сұйықтықты шығарып 
үлгере алмай қалады. 
Резорбциялық жеткіліксіздік
кезінде тіндік белоктардың биохимиялық және 
дисперсиялық қасиеті өзгеріп немесе лимфалық капиллярлардың өткізгіштігі 
бәсеңдеп, тінге сұйықтық іркіледі. Көбіне лимфаайналымы жеткіліксіздігі 
құрамдас (комбинированный) нысанда дамиды. 
Морфологиялық бейнесі
лимфаайналымы жеткіліксіздігінің нысанына 
қарамай, өзіндік сипатта қалыптасады (Зербино Д.Д.,1974). Осы өзіндік 
сипатын бейнелейтін нышандарға: лимфа іркіліп, лимфалық тамырлардың 
кеңеюі; 
лимфаайналымдық 
коллатеральдар 
қалыптасып, 
лимфалық 
капиллярлар мен тамырлар құрылысынің өзгеруі; лимфангиэктазиялардың 
қалыптасуы; лимфедема; лимфалық стаз дамып, белоктық коагулянттардың 
(тромб) түзілуі; лимфарея (хилорея); хилездық асцит пен хилоторакс жатады. 
Аталған морфологиялық өзгерістер лимфаайналымы жеткіліксіздігінің даму 
кезеңіне сәйкес біртіндеп өрбиды. 
Лимфа іркіліп, лимфа тамырларының кеңеюі
– лимфа ағысы бұзылуының 
бастапқы нышаны. Ол лимфаны әкететін тамырлардың басым көпшілігінде 
лимфа ағысы тежелгендіктен дамиды. Лимфаның іркілуіне адаптациялық жауап 
ретінде 
коллатеральдық 
лимфаайналымы
қалыптасады; 
қосымша 
коллатеральдар іске косылып, жаңа лимфалық капиллярлар мен тамырлар пайда 
болып, олардың құрылысы жаңа жағдайға сәйкестене өзгереді. Лимфалық 
жүйенің өзгеру мүмкіндігі орасан, сондықтан да лимфаайналымының 
жеткіліксіздігі ұзақ уақыт білінбейді. Дегенмен, лимфаның іркілуі тым өршісе, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет