Нуржігіт Алтынбеков 26
ЖАЛПЫ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ
Зақым Патологияда
зақым , яғни
альтерация ( латынша:
alteratio – өзгеру, бүліну
) –
жасушалардың, жасушааралық заттың, тіндер мен мүшелердің құрылысының
өзгеруімен бірге олардың тіршілік әрекетінің бұзылуы. Альтерациялық
өзгерістер жауап беру үдерістерінің ең көне түрі ретінде адам ұрығы дамуының
алғашқы кезеңінде байқалады.
Зақымды алуан түрлі себептер дамыта алады. Ол себептер жасушалар мен
тіндер құрылысына тікелей немесе жанама жолмен (гуморальдық және
рефлекторлық жолдармен) әсер ете алады, әрі зақымның сипаты мен дәрежесі
патогендік (кеселді) факторлардың күші мен табиғатына, мүшенің немесе тіннің
құрылымдық-функциялық
ерекшеліктеріне,
сондай-ақ
организмнің
реактивтілігіне тәуелді болады. Кейде ультрақұрылымдарды ғана қамтитын
үстіртін және қайтымды өзгерістер, басқа жағдайларда – терең және қайтымсыз,
жасушалар мен тіндердің ғана емес, тіпті бүтін бір мүшенің тіршілік әрекетінің
жойылуымен аяқталатын өзгерістер пайда болады. Жасушалық деңгей мен
тіндік деңгейдің морфологиялық бейнесі әртүрлі болады. Жасушалық деңгейге
жалпы патологияның үлкен бір бөлімі – жасушалық патологияның мазмұны
болып табылатын жасушаның ультрақұрылымдық өзгерістері тән. Ал тіндік
деңгейге екі жалпыпатологиялық үдеріс –
дистрофия мен
некроз тән; олар
альтерацияның көбіне бірі екіншісіне үласатын даму кезеңдері болып
табылады.
Жасушалық патология Жасуша – қоршаған ортамен зат алмаса алатын ең қарапайым жүйе. Адам
организміндегі жасушалардың құрылымы, олардың өзіндік әрекетін және «өзін
өзі сақтау», яғни жасушалық пулды қолдауды қамтамасыз ете алады.
Жасушаның әр органоидындағы бірқатар морфологиялық ерекшеліктер де оның
тіршілік негізін қамтасыз етуге бағытталған (1-сурет). Олар тынысалу мен
энергия қорын жасауды (митохондрия), белоктардың түзілуін (рибосома,
гранулалы
цитоплазмалық
тор),
липидтер
мен
гликогенді жинап,
тасымалдауды, детоксикациялық әрекетті (тегіс цитоплазмалық тор), түрлі
заттарды өндіріп, оларды бөліп шығаруды (табақша кешен), жасушада заттың
қорытылуы мен қорғаныс әрекетін де (лизосома) орындайды. Бұл
ультрақұрылымдардың тіршілігі қатаң үйлесімде атқарылып, әр жасушаның