Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет244/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
212
дамиды. Сөйтіп, кистаның жасушалары ішпердесіне шашырап, олар бөліп 
шығарған жалқаяқ тәрізді қоймалжың зат іш қуысын жайлап кетеді. 
Ұйымалы цистаденкарцинома
– аналық без карциномаларының ішінде жиі 
кездесетін қатерлі ісік. Гистологиялық құрылымынан анаплазиялы эпителиймен 
астарланған, бүрлі өсінділердің басым көптігі байқалады. Біразында көптеген 
солидты немесе аденомалы ошақтар қалыптасады. Кейде ісік жасушалары 
кистаның қабырғасына жайылып, оның сыртқы беті арқылы іш пердесіне 
өрістейді. 
Псевдомуцинді 
цисткарцинома 
(псевдомуцинді 
кистадан 
дамитын 
карцинома)
– аналық бездің муцинді қатерлі ісігі (112-сурет). Ол жалқаяқтүзгіш 
атипиялық жасушалардың көпқабатты қатпарларынан құрылған. Жасушалар 
безді, солидты, криброзды құрылымдар қалыптастырады; ісік тініне некроз 
ошақтары тән. 
112-сурет. Аналық 
бездің 
карциномаға 
ұласқан 
псевдомуцинді кистасы. 
Текома
– аналық бездің 
жыныстық 
жолағының 
стромасынан, көбіне бір 
безде өнетін, диаметрі 10-
30 см-ге жететін, түсі 
сары, 
консистенциясы 
қатты қатерсіз ісік. Ол 
көбіне 50 жастан кейін 
байқалады. Ісіктің гормон 
түзбейтін 
түрі 
болуы 
мүмкін. 
Бұл 
түрі 
фибромаға ұқсап, ұршық 
түрлес жасушалардың шырмала өрілген будаларынан құрылады. Эстрогендер 
бөліп шығаратын, яғни гормон түзетін текомаға шалдыққан қыз балалар ерте 
жетіледі, жас әйелдерде – етеккір ырғағы бұзылады, ал егде әйелдерде – 
метроррагия байқалады. Кейде жатырдың кілегейлі қабықшасында гиперплазия 
мен дицидуалық өзгерістер дамиды. Бұл жағдайда текомалық жасушаларға 
липидтер жиналады; олар жұмырланып, ақшыл түске еніп, эпителийге ұқсайды. 
Жасушалар диффузды немесе ұялы жайғасады. Ісік жасушаларының арасында 
капиллярлар торы мол қалыптасады. 
Қатерлі текома
– сирек ісік; жасушалық 
атипизм тән жұмыр, ұршық түрлес және полиморфты, саркомаға ұқсайтын 
жасушалардан түзілген. Бұл ісік кейде гормон түзеді. 
Гранула-жасушалы ісік (фолликулома)
– аналық бездің жыныстық жолағынан 
дамитын ісік. Ол көбіне аналық бездің біреуінде дамитын, үсті бұдырлы, 
бозғылт сары түсті кесіндісінде қанды ошақтар болатын түйін. Оның даму көзі 
гранулеза болып табылады. Ісік негізінен солидты ұялар, трабекулалы және 
аденомалы құрылымдар түзетін, ядросы базофилді, цитоплазмасы жіңішке 
кемер тәрізді, ұсақ, жұмыр жасушалардан құрылған. Ол – гормон түзетін ісік, 
сондықтан қан мен несепте эстрогендер мол болады. Оның гормонының 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет