Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет247/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   832
А-жасушалы
фолликулды 
карциноманың ағымы мен даму барысы онша қатерлі емес әрі оның метастазы 
аурудың соңғы кезеңіне қарай ғана қалыптасады. 
В-жасушалы
карцинома баяу 
дамиды; бірақ өкпеге, сүйекке метастаздарын ерте кезеңінде жаятындықтан, 
болжамы жайсыз. 
Папиллалы карцинома
– қалқанша бездің ең жиі кездесетін қатерлі ісігі. Ол 
атипиялы эпителиймен астарланып, қабырғасына жайыла өскен бүрлері көп, 
көлемі әртүрлі қуыстардан құрылады. Бүрлер қуыстардың қабырғасы мен 
бездің қабығының әр жеріне жайылады. Микроскоппен зерттегенде кездейсоқ 
ұшырасып 
қалатын 
склерозды 
микрокарцинома
(
тыртықтағы 
микрокарцинома
) А-жасушадан дамиды және папиллалы карциноманың бір 
түрі болып табылады. 
Стромасы амилоидозды солидты (медуллалық) карциноманың
гистогенезі С-
жасушамен байланысты; бұған ісіктің құрамында болатын кальцитонин мен ісік 
жасушалары ультрақұрылымының С-жасушаларға ұқсайтындығы дәлел. 
Стромадан ісік жасушалары түзетін амилоид анықталады (АРUD-амилоид). 
Толыспаған карцинома
көбіне егде адамдарда, әсіресе әйелдерде жиі 
кездеседі. Бұл карцинома ұялы немесе ретсіз орналасқан, түрі көлемді, кейде 
ұсақ (
ұсақ-жасушалы карцинома
) немесе алып (
алып-жасушалы карцинома

жасушалардан түзіледі. 
Қалқанша маңы безі 
Қалқанша маңы безінің аденомасы
негізгі жасушалардан дамиды және гормон 
түзетін ісіктер болып табылады. Аденомаға 
фиброзды остеодистрофияның
даму негізі – гиперпаратиреоздық клиника тән. Ядросы гиперхромды, атипиялы 


Нуржігіт Алтынбеков 
215
жасушалар тізбек түзеді және аденомалы жерлері мен бүрлі өсінділері бар 
кисталар қалыптастырады («
Сүйек-бұлшықет жүйесінің ісіктерін
» 
қара
). 
Қалқанша маңы безінде карцинома сирек байқалады және оның ешқандай 
морфологиялық ерекшеліктері жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет