Нуржігіт Алтынбеков 213
әсерінен гирсутизм (түктену), жыныстық ерте жетілу, аменорея, эндометрийдың
безді-кисталы гиперплазиясы дамиды.
Қатерлі гранула-жасушалы ісік (карцинома) эстрогендер бөліп шығаратын қасиетін сақтап қалғанымен,
мономорфизмін
жойып,
полиморфизмді
ісікке
айналады.
Гранула- текажасушалы , яғни
құрамдас (диморфты) қатерлі ісік те ұшырасады.
Дисгерминома – аналық бездің герминогендік қатерлі ісігі. Бұл ісік сирек
кездеседі, әрі бозғылт кесінділерінде қанды ошақтар болатын, қаттылау ірі
түйін түрінде, көбіне бездің біреуінде дамиды. Қыз балалаларда да, әйелдерде
де, кейде инфантилизммен сырқаттарда да байқалады. Гистологиялық
құрылымы аталық бездің семиномасына ұқсайтындықтан, дисгерминома аталық
бастаманың жасушаларынан дамиды деген жорамал айтылып жүр. Ісік ядросы
ортасында орналасқан ірі жасушалардан түзіледі; олар лимфоцитті дәнекер тін
жолақтарымен
шектелген
альвеолалар
шоғырын
қалыптастырады.
Дисгерминома метастаздарын лимфалық түйіндерге ерте жаяды.
Аталық без (ен) Аталық бездің ісіктері сиректеу кездескенімен, өнетін бастамасына сәйкес
көптүрлілігімен ерекше. Аталық бездің ісіктері: жетілмеген жыныстық
жасушалардан дамитын герминогендік ісіктерге; гонадалық строманың
жасушаларынан өнетін ісіктерге; герминогендік элементтер мен гонадалық
строманың екеуінен де дамитын ісіктерге және аталық без қабықшалары мен
оның қосалқысының тінінен туындайтын ісіктерге жіктеледі.
Семинома (дисгерминома) – аталық безде ең жиі дамитын герминогендік
қатерлі ісік. Бұл ісік жасы 40-50-лердегілерде, біразы крипторхизммен
сырқаттарда байқалады. Ол ақшыл түсті, консистенциясы серіппелі, бір немесе
бірнеше түйіндерден құрылады. Семинома жыныстық жасушалардан дамиды
және тізбектер мен қабықшалар түзетін ақшыл түсті ірілеу, жұмыр
жасушалардан құрылады. Олардың цитоплазмасында гликоген болады да,
ядросында хроматин біркелкі бөлінбейді; атипиялық митоз көп. Ісіктің
стромасы нәзік дәнекер тін талшықтарынан түзіледі, кейде эозинофилдер
араласқан лимфоциттер мен плазмалы жасушалардың көлемді шоғырлары
байқалады (113-сурет). Алғашқы метастаздар аорта маңындағы және
мықындағы лимфалық түйіндерде пайда болса, гематогендік метастаздар
өкпеден, бауыр, бүйрек, плеврадан табылады.