Нуржігіт Алтынбеков
216
аутоиммундық аурулар (миастения, жүйелік
қызыл ноқта, ревматоидтық
артрит, т.б.) мен иммунитет тапшы синдромдар туындатады.
Т-лимфоциттердің тінге жайылу дәрежесіне қарай,
лимфоциттері аз, орташа
лимфоцитті
және
лимфоциттері мол
ісіктер түрі ажыратылады.
Морфологиялық
тұрғыдан, тимоманың 4 түрі бар (Muller-Hermelink H.,1986).
Кортикал-жасушалы тимома
қыртыстық
қабаттың эпителийінен, тимустық
жасушалардан, жұмыр ядросы ашық түсті полигональді ірі жасушалардан
түзіледі. Ісік көбіне қатерлі (114-сурет).
114-сурет. Лимфоциттері аз қатерлі кортикал-жасушалы тимома.
Медулла-жасушалы тимома
милық
қабаттың эпителийінен туындап, ядросы
сопақ, қоңыр түсті ұзынша келген жасушалар түзген
ұяшықтар мен
жолақтардан қалыптасады (
ұршық-жасушалы тимома
). Ісік қатерсіз.
Аралас жасушалы тимоманың
құрамында алдыңғы екі тимоманың да
морфологиялық нышандары
болады
.
Гранулемалы тимомадағы
ісіктік жасушаларға лимфогранулематозға тән
Березовский-Штернберг жасушаларына
ұқсайтын көпядролы атипиялы
эпителийлік жасушалар араласады. Егер айыршық бездің қатерлі ісігі атипиялы
жайпақ немесе бездік эпителийден құрылса, оны
айыршық бездің жайпақ
жасушалы карциномасы
немесе
аденокарциномасы
деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: