Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет250/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   832
Байланысты:
струков патан

Гипофиз 
Морфологиялық
тұрғыдан 
гипофиздің 
аденомалары
хромофобты, 
эозинфилді, базофилді
болады. Соңғы кезде гипофиздің гормон түзетін 
аденомалары мынадай түрлерге: 
соматотроптық
(эозинофилді аденома); 
пролактиндік
(хромофобты немесе эозинофилді аденома); 
АКТГ түзетін 
жасушалардың аденомасына
(хромофобты немесе базофилді аденома); 
тиреотроптық гормон түзетін жасушалардың аденомасына
(хромофобты 
немесе базофилді аденома); 
фолликулинді жандандыратын жасушалардың 
аденомасына
(хромофобты аденома) жіктеліп жүр. Аденоманың соңғы аталған 
түрі өте сирек, әтек адамдарда ғана ұшырасады. 
Гипофизде оның аденомаларына сәйкес 
қатерлі ісіктер
де байқалады. 
Эпифиз 
Эпифиздің органспецификалы ісігі – 
пинеалома
- бездік эпителий мен 
невроглиядан түзіледі. Ол организмнің заталмасуы мен гормондар жүйесін 
зақымдайды; сирек кездеседі. 
Ұйқы безі 
Ұйқы безінің ұяшық аппаратының жасушаларынан туындайды және APUD-
жүйенің ісіктеріне жатады, яғни ол – 
апудома

Ұяшық жасушаларының аденомалары гормон түзеді; 
инсулома
деп аталады. 
Инсулома үш түрге бөлінеді: 1) инсулин түзетін β-жасушаның инсуломасы (β-
инсулома); 2) глюкагон түзетін α-жасушаның инсуломасы (α-инсулома); 3) 
гастрин синтездейтін G-жасушаның инсуломасы (G-инсулома). β-инсуломаға 
гиперинсулизм мен гипогликемия тән болса, α-инсуломада ұстамалы 


Нуржігіт Алтынбеков 
217
(пароксизмді) немесе тұрақты гипергликемия байқалады, ал G-инсуломада 
Элиссон-Золлингер синдромының негізі – асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы 
дамиды (
ульцергендік
 
инсулома
). 
Инсуломалардың қатерлі варианттары 
қатерлі инсулома
деп аталады. Олар 
өзінің гормон түзетін қасиетін сақтап қалуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет