Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет258/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   832
Байланысты:
струков патан

МЕЛАНИНТҰЗЕТІН ТІННІҢ ІСІКТЕРІ 
Жүйкелік тінің туындысы болып табылатын меланинтүзетін жасушалар 
(меланоциттер) – невустар деп аталып жүрген ісік тәрізді құрылымдар мен 
шынайы ісіктерге жататын меланоманың даму көзі. 


Нуржігіт Алтынбеков 
223
Невустар
– қара түсті томпақ құрылымдар; беттің, дененің терісінде жиі 
кездеседі. Невустың бірнеше түрі бар. Олардың ішінде ең маңыздылары – 
шекаралық; 
дермаішілік; 
күрделі 
(аралас); 
эпителиоидтық, 
немесе 
ұршықжасушалы (ювенильдік); көгілдір невус. 
Шекаралық невуста
эпидермис 
пен дерманың аралығында невустық жасушалар шоғырының ұялары түзіледі. 
Дермаішілік невус
– ең жиі кездесетін невус; невустық жасушалардың дермада 
жайғасқан ұялары мен тізбектерінен құрылады. Невустық жасушаларда 
меланин көп. Ісіктің біразында көпядролы невустық алып жасушалар 
байқалады. 
Күрделі невуста
шекаралықтың да, дермаішілік невустың да 
нышандары бар (
аралас невус
). 
Эпителиоидтық
, яғни 
ұршық-жасушалы невус 
көбіне балаларда кездеседі (ювенильдік невус); цитоплазмасы ашық түсті 
эпителиоидтық және ұршық түрлес жасушалардан түзіледі. Оның құрамына 
Пирогов-Лангханс немесе Тутон жасушаларына ұқсайтын көпядролы алып 
жасушалар тән. Невустық жасушалар эпидермистің шекарасы мен дерманың 
ішінде ұялар қалыптастырады. 
Көгілдір невус 
30-40 жастағылардың, көбінесе 
бөксесінің және қолы мен аяғының дермасында кездеседі. Ол – көбейе келе, 
терінің шел майын жайлап өсетін ұзынша бітімді меланоциттерден құрылған 
көгілдір түсті түйін. Құрылысы меланомаға ұқсағанмен, көгілдір невус анда-
санда ғана қайталанады; қатерсіз ісік. 
Меланома
(маланобластома, қатерлі меланома) – меланинтүзетін тіннің 
қатерлі ісігі; метастаз жаюға өте бейім қатерлі ісіктердің бірі. Ол теріде, көздің 
пигментті қабықшасында, ми қабықшаларында, бүйрекүсті безінің милық 
қабатында дамып, кілегейлі қабықшаларда кездесіп тұрады. Меланома 
невустардан дамуы мүмкін. Меланоманың көпшілігі беттің, қол мен аяқтың, 
дененің терісінде өседі. Ол қызғылт қара теңбілді, қоңыр дақ (
жайылмалы 
беткейлік меланома
), кейде көкшіл қара түсті түйін немесе түйнек сияқты 
болуы мүмкін (
түйінді меланома
). Меланома сопақша немесе полиморфты 
және алуан пішінді, кейіпсіз жасушалардан құрылады (122-сурет). 
Жасушаларының көбінің цитоплазмасында сарғыш қоңыр түсті меланин 
болады. 
Пигментсіз меланомалар
да ұшырасады. Ісікте митоз көп болып, 
қанды, некрозды ошақтар байқалады. Меланома ыдырап, бұзылған кезде 
меланин мен промеланин көп түзіліп, меланинемия мен меланинурия дамиды. 
Меланома метастаздарын гематогендік және лимфогендік жолмен ерте 
кезеңінде-ақ жаяды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет