Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет256/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   832
Байланысты:
струков патан

120-сурет. Фибросаркома:
а — толысқан (жасушалы-талшықты саркома); б — толысуы төмен (жасушалы 
саркома).
 
Томпақ дерматофиброма (қатерлі гистиоцитома)
инфильтрациялы баяу 
өсіп, қайталанады; метастазы сирек. Дерматофибромадан (гистиоцитомадан) 
айырмашылығы – құрамында митозды фибробластылар тәрізді жасушалар тым 
көп. 
Липосаркома
(
липобластылық
липома
) – майлы тіннен дамитын қатерлі 
ісік; кездесуі сиректеу. Көлемі үлкен, кесіндісінің беткейі майлы болады. Ісік 
түрлі дәрежеде жетілген липоциттер мен фибробластылардан құрылады. 
Осыған байланысты липосаркоманы: 
негізінен толысуы жоғары, негізінен 
миксоидтық (эмбриондық), негізінен жұмыр жасушалы 
және
полиморф-
жасушалы
деп бөледі.
Липосаркоманың даму қарқыны баяулау; ұзақ уақыт метастаз жаймайды. 
Қатерлі гибернома.
Гиберномадан айырмашылығы – жасушалары тым 
айқын полиморфизмді және құрамында алып жасушалар бар. 
Лейомиосаркома
– біріңғай салалы бұлшықет жасушаларының қатерлі ісігі 
(
қатерлі леймиома
). Леймиомадан ерекшелігі – жасушалық пен тіндік атипизм 


Нуржігіт Алтынбеков 
222
айқын болып, құрамында типтік және типсіз митозды жасушалар көп. Кейде 
атипизм тым шарықтап, ісіктің гистогенезін анықтау қиын болады. 
Рибдомиосаркома
– көлденең жолақты бұлшықеттен дамитын қатерлі ісік 
(
қатерлі рабдомиома
). Көлденең жолақты бұлшықетпен ұқсастығын жоғалтқан 
өте полиморфты жасушалардан түзіледі. Дегенмен, ісікті зерттеген кезде 
құрамынан азды-көпті көлденең жолағы бар жасушалардың бірен-сараны 
ұшырасып қалады. Арнайы сарысу қолданылатын иммун-гистохимиялық тәсіл 
ісіктің туындау тегін нақты дәйектеуге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет