Вегетативтік жүйке жүйесінің ісіктері Симпатогонийлер
Симпатобластома
(симпатогониома)
Ганглионейробласт
Ганглионейробластома
Ганглионейроцит
Ганглионеврома
Бейхромаффиндік
параганглийлердің
жасушалары
Бейхромаффиндік
қатерсіз
параганглиома (гломустік ісік,
хемодектома)
Бейхромаффиндік
қатерлі
параганглиома (хемодектома)
Шеткі жүйке жүйесінің ісіктері Леммоцит (Шванн жасушасы
деп те аталады)
Неврилеммома
(Шваннома),
нейрофиброматоз, (Реклингхаузен
ауруы)
Қатерлі
неврилеммома
(нейрогендік саркома)
Н ЕЙРОЭКТОДЕРМАЛЫҚ ІСІКТЕР Ми мен жұлынның нейроэктодермалық (нейроэпителийлік) ісіктері
нейроэктодермалық туындалардан құрылып, органспецификалы болады. Олар
басқа мүшелердің ісіктеріне қарағанда, дизонтогенездік құрылымдардан жиірек
туындайды, яғни ОЖЖ-ның элементтері жетілгенде қалып қойған ізашар
жасушалардың шоғырларынан дамиды. Сондықтан олардың гистогенездік тегін
анықтау кейде өте қиын. Көбіне ісіктің құрамы нейрондар мен глиялық
элементтердің белгілі бір даму фазасына сәйкес болады. Нейроэктодермалық
ісіктер:
астроциттік;
олигоденроглиялық;
эпендималық
және
хориоидэпителийлік; нейрондық; шала толысқан және эмбриондық деп бөлінеді
(10-
кесте
). Қатерлі нейроэктодермалық ісіктердің метастаздары, әдетте
бассүйегінің ішіне жайылып, басқа ішкі мүшелерде өте сирек байқалады.
Астроциттік ісіктер Астроциттік ісіктер (глиомалар) қатерсіз – астоцитомаға және қатерлі –
астробластомаға (қатерлі астроцитомаға) бөлінеді.
Астроцитома – астроциттерден дамып, баяу өсетін, ең жиі кездесетін
нейроэктодермалық ісік. Жастарда, кейде балаларда дамып, мидың барлық