Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет254/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
220
орналасатын ісік. Ол қабырғаларын көбейген перициттер қоршаған, ретсіз 
жайғасқан капиллярлардан құрылады. Жасушалардың арасында аргирофилді 
талшықтар мол.
119-сурет. Каверналы гемангиома. 
Гломустік
 
ісік – (
гломус-ангиома
) қол мен табанның көбінесе саусақ пен 
башпайдың қалыптасып, эндотелий мен эпителиодтық жасушалар қоршаған 
саңылау тәрізді тамырлардан құрылады. Ісікте жүйкелік талшықтар көп.
Лимфангиома
лимфалық тамырлардың ісігі; ретсіз көбейіп, түйін 
қалыптастырып немесе мүшені біркелкі жайлап, қалыңдатып (тілде – 
макроглоссия
, ерінде – 
макрохейлия
) өседі. Кесіндісінен түрлі көлемді, лимфа 
толған қуыстар көрінеді. 
Қатерсіз
 
синовиома
 
сіңір қынабы мен сіңірлердің синовийлік элементтерінен 
қалыптасады. Ісік альвеолалар түзетін, көпядролы алып жасушалар араласқан, 
полиморфты ірі жасушалардан құрылады (
гигантома
). Жасушалардың 
арасында біразы гиалинденген, дәнекер тін талшықтарының будалары 
жайғасады; қан тамырлары аз. Кейде ісіктің орталығынан ксантомдық 
жасушалар ұшырасады. 
Қатерсіз
 
мезотелиома
– мезотелийлік тіннен дамитын ісік. Әдетте, ол – 
микробейнесі фибромаға ұқсайтын, сірі қабықшаларда (плевра) кездесетін түйін 
тәрізді қатты ісік (
фиброзды мезотелиома
). 
Сүйек
 
ісіктері
сүйектүзетін

шеміршектүзетін

алып
-
жасушалы
және 
сүйек
кемігінің
ісіктеріне
жіктеледі. Сүйектүзетін қатерсіз ісіктерге остеома мен 
қатерсіз остеобластома, шеміршектүзетін ісіктерге – хондрома мен қатерсіз 
хондробластома жатады. 
Остеома
жіліктер мен кемікті сүйектерде 
кездескенімен, бассүйектерінде жиірек дамиды. Остеоманың сүйектен басқа 
мүшелерде байқалатын түрлері тілде және емшек безінде дамиды. Остеоманың 
кеуекті
және 
тығыз
түрлері болады. 
Кеуекті остеома
арасында талшықты 
дәнекер тін көп өсіп, ретсіз жайғасқан сүйек табақшаларынан құралған. 
Тығыз 
остеома
тұтас қалыптасқан сүйек тінінен түзілген; оның құрамында
әдеттегідей остеоидтық тін жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет