Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет268/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   832
Байланысты:
струков патан

сүйек кемігінің
(төс сүйегінің) пунктаты зерттеледі және 
трепанбиоптат
(мықын қырының биоптатын зерттеу) тәсілі кең қолданылады. 
Қан жүйесінің аурулары алуан түрлі. Олардың ішінде анемиялар, 
гемобластоздар 
(қан 
жасушаларынан 
туындайтын 
ісіктік 
аурулар), 
тромбоцитпениялар мен тробоцитпатиялар ерекше орын алады. 
Анемиялар 
Анемия (грекше: 
аn
теріс мағыналық қосымша
һаіmа
— қан), яғни 
қаназдық), — қанның белгілі бір көлеміндегі гемоглобиннің мөлшері азаятын 
аурулар тобы мен сол тектес жағдайлар. Көбінесе қанның көлемдік өлшем 
бірлігіндегі эритроциттердің саны азаяды. Эритроциттердің саны теміртапшы 
жағдайлар мен талассемияда ғана өзгермейді. Анемиямен сырқат адамдардың 
қан арнасында көлемі (
пойкилоцитоз
), пішіні (
анизоцитоз
), реңі (
гипохромды

гиперхромды
) өзгерген немесе базофилді түйіршіктер (Жолли денешіктері), 
базофилді сақиналар (Кабо сақиналары) сияқты қосымшалар бар эритроциттер 


Нуржігіт Алтынбеков 
233
пайда болады. Анемияның кейбір түрлерінде ядролы (эритробласт, нормобласт, 
мегалобласт) және жетілмеген (полихроматофилді) эритроциттер болады. 
Анемияның нақты түрін анықтау үшін төссүйегінің пунктатын зерттеп, 
эритропоэздің 
жайы 
(гипер- 
немесе 
гипорегенерация) 
мен 
типін 
(эритробластты, нормобластты, мегалобластты

айқындау қажет. 
Этиологиясы
мен
патогенезі
. Анемия, әдетте қан кеткендіктен, сүйек 
кемігіндегі эритропоэздің жеткіліксіздігінен және қан тым көп ыдырағандықтан 
дамиды. 
Қан кеткенде эритроциттер тез азайып, сүйек кемігі оларды қажетті мөлшерде 
түзіп үлгермейді. Мұндай жағдай қан ыдырағанда, яғни гемолиз кезінде де 
орын алады. Гемолиз экзогендік және эндогендік әсерден дамиды. Сүйек 
кемігінде эритропоэз қанжасам үдересінің қалыпты жүруіне қажетті темір, В
12
-
витамин, фолий қышқылы сияқты заттардың тапшлығынан (дефициттік анемия) 
немесе оларды сүйек кемігі дұрыс сіңіре алмағандықтан (ахрестиялық анемия

кемиді. 
Классификациясы
. Этиологиясын, әсіресе патогенезін ескере отырып, 
(Алексеев 
Г.А.,1970) 
анемияларды: 
1) 
қан 
кеткендіктен 
дамитын 
(постгеморрагиялық) анемиялар, 2) қан жасалуы бүлінгендіктен дамитын 
анемиялар және 3) қан тым көп ыдырағандықтан дамитын (гемолиздік) 
анемиялар деп үш негізгі топқа жіктеген. Әр топқа анемияның бірнеше түрі 
кіреді. Ағымына қарай, анемиялар жедел және созылмалы деп жіктеледі. Сүйек 
кемігінің морфологиялық және функциялық бейнесі оның регенерациялық 
мүмкіндігіне сәйкес болады, сондықтан анемиялар 
регенерациялық

гипорегенерациялық

гипоплазиялық

аплазиялық

дисплазиялық
деп 
те 
жіктеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет