Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет291/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   832
Байланысты:
струков патан

134-сурет. Созылмалы лимфолейкоз:
а — сүйек кемігіндегі ісіктік лимфоциттер; б — қолқаның өне бойын 
қуалай ұлғайған лимфалық түйіндер тобы.
 
Денедегі барлық 
лимфалық түйіндер
ұлғайып, бірігіп, өте ірі, жұмсақтау 
немесе қаттылау құрылымдар қалыптастырады; кесінделері шырынды, ақшыл 
қызғылт түсті. Бадамша бездің, ішектің топтасқан және солитарлы лимфалық 
фолликулдары да ұлғайып, олардың да тіні ақшыл қызғылт түсті болады. 
Лимфалық түйіндер мен құрылымдардың тінін лейкоздық жасушалар жайлап, 
қалыпты құрылысын бұзып, ұлғайтады. Кейде лимфоциттер лимфалық 
түйіндердің қабығын жайлап, төңірегіндегі басқа да тіндерге жайылып кетеді. 
Талақ
едәуір ұлғайып, массасы 1 кг дейін өседі

оның етженді, кесіндісінің 
беткейі қызыл түсті. Фолликулдары өз қалпында қалып немесе пульпамен 
тұтасады. Лейкоздық жасушалар алдымен фолликулдарды жайлайды, олар 
ұлғайып, бірігеді. Кейін лимфоциттер қызыл пульпаға, қан тамырларының 
қабырғасына, талақтың трабекулалары мен қабығына да өрістейді. 
Ұлғайып, қатайған 
бауырдың
кесіндісі ашық қоңыр түсті болады. Оның үсті 
мен кесіндісінің бетіннен ақшыл бозғылт түйіншектер байқалады. Лимфоциттер 
шоғырының көбі бауырдың порталық жолын (135-cурет) қуалай жайғасады. 
Гепатоциттерде белокты немесе майлы дистрофия дамиды. 
135-сурет. Созылмалы 
лимфолейкоз. 
Бауырдың порталық жолдарында қалыптасқан лейкоздық 
инфильтраттар. 
Бүйрек
, әдетте ұлғайып, қатаяды, түсі сұрғылт қоңырлау келеді. Лейкоздық 
жасушалар тінін түгел жайлап, құрамдас қабаттарын кескенде ажырата 
алмайтындай етіп, тұтастырып жібереді. 
Лейкоздық жасушалар басқа да мүшелер мен тіндерге (кеуде қуысы, 
шажырқай, миокард, сірі және кілегейлі қабықшалар) шашыранды немесе 
ошақты шоғырланып, ірілі-ұсақы түйіндер түзеді. 
Созылмалы лимфолейкозға, жоғарыда сипатталған өзіне тән өзгерістермен 
қатар, 
инфекциялық
(мысалы, пневмония) және 
гемолиздік
(гемолиздік сарғаю, 
жалпы гемосидероз) 
үдерістер
де қосарланады. 
Бұл лейкоздың барлық лимфалық түйіндерді жайлап, талақ пен бауырды 
шамалы ғана ұлғайтатын түрінен басқа, 
лимфалық түйіндердің белгілі бір 
тобын 
ғана (мысалы, көкірек қуысындағы, шажырқайдағы, мойын немесе 
шаптағы түйіндерді) зақымдайтын түрі де болатынын ескерген жөн. Өйткені 
аурудың осы түріне шалдыққанда тым ұлғайған лимфалық түйіндер маңындағы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет