Нуржігіт Алтынбеков 250
мүшелерді қысып тастауы мүмкін. Мысалы, көкірек қуысындағы лимфалық
түйіндер ұлғайса, жүректі, өңешті, кеңірдекті қысады, ал шажырқай мен бауыр
қақпасындағы лимфалық түйіндер қақпа венасы мен оның тарамдарын қысып,
порталық гипертензия мен асцитке ұшыратады.
Тері лимфоматозы (Сезари ауруы) — созылмалы лейкоздың өзіндік
ерекшелігі бар бір нысаны. Алғашқы кезде ісіктік Т-лимфоциттер теріге ғана
шоғырланады. Кейін үдеріс біртіндеп сүйек кемігін жайлайды, қан арнасында
лейкоциттер көбейіп, осы ауруға тән Сезари жасушалары пайда болады.
Лимфалық түйіндер мен талақ ұлғаяды.
Парапротеинемиялы лейкоздар. Бұл топ В-лимфоциттер жүйесіне жататын
жасушалардан (плазмациттердің ізашарларынан) дамитын лейкоздар түрін
қамтиды. Ал, В-лимфоциттердің гуморальдық иммунитетті қамтамасыз ететіні
белгілі. Қатерлі
иммун-пролиферациялы аурулар деп те аталып жүрген, бұл
парапротеинемиялы лейкоздар
тобының басты
ерекшелігі
—
ісік
жасушаларының
біртекті иммунды глобулиндерді немесе
олардың
фрагменттері
парапротеиндерді (РIg-патологиялық, немесе моноклонды,
иммунды глобулиндерді) түзетінінде. Парапротеинемиялы лейкоздар тобына
жататын
миеломалы
аурудың
және
Вальденстремнің
біріншілік
макроглобулинемиясы мен Франклиннің ауыр тізбектік ауруының бүкіл
клиника-морфологиялық
ерекшеліктері
осы
иммунды
глобулиндер
патологиясына негізделген.
Парапротеинемиялы лейкоздардың ішіндегі ең маңыздысы — миеломалы
ауру.
Миеломалы ауру — жиі кездесетін ауру. Оны алғашқы рет О.А. Рустицкий
(1873) мен Калер (1887) сипаттаған. Бұл ауру гемопоэздің лимфоцит-
плазмациттер қатарынан туындайтын ісіктік жасушалар — миеломалық
жасушалардың көбеюіне негізделеді
. Миеломалық жасушалар (136-сурет)
сүйек кемігінде, одан басқа да жерлерде шоғырланады. Сүйек кемігіндегі
миеломалы үдерістен сүйектің өзі де қатты зақымдалады.