Нуржігіт Алтынбеков
247
моноклондылық поликлондылыққа ұласады.
Осының салдарынан бластылық
жасушалар пайда болып, олар сүйек кемігі мен
қанда тым көбейіп кетеді
(
бластылық криз
). Қандағы лейкоциттердің саны жылдам өсіп (1 мкл-де
бірнеше миллионға жетіп), талақ, бауыр, лимфалық түйіндер ұлғаяды, теріге,
нерв
сабақтарына, ми қабықшаларына лейкоздық жасушалар шоғырланады,
тромбоцитпения, геморрагиялық синдром өрістейді.
Созылмалы миелоидтық лейкоздың терминал (ақтық) сатысында өлгендердің
мәйітін зерттегенде айқын бейнелі өзгерістер сүйек
кемігінде, қанда, талақта,
бауырда, лимфалық түйіндерде байқалады. Жалпақ сүйектердің, жіліктердің
эпифизі
мен диафизінің кемігі шырынды, бозғылт қызыл немесе ірің тәрізді,
бозғылт жасыл болады (
пиоидтық сүйек кемігі
). Ал
гистологиялық тәсілмен
сүйек кемігінен промиелоциттер мен миелоциттер және бластылық жасушалар
анықталады. Кейбір жасушалардың ядросы мен цитоплазмасының пішіні
бұзылып, пикноз бен кариолиз дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: