Қанның жалпы мөлшері азайып,
мүшелер бозғылт қызыл түсті болады.
Талақ тым ұлғайып, массасы 6—8 кг жетеді де, кейде құрсақ қуысын
түгелдей жайлайды (133-cурет); оның қоңыр қызыл түсті кесіндісінің бетінен
ишемиялық инфаркт ошақтары ұшырасады. Лейкоздық ошақтар негізінен
миелоидтық қатарға жататын жасушалардан қаланып, оған бластылық
жасушалар араласады. Бұл ошақтар талақтың өз тінін ығыстырып, фолликулдар
семеді, пульпасы шорланып, гемосидероз ошақтары пайда болады, қан
тамырларында лейкоздық жасушалардан тромбылар түзіледі.
133-сурет. Миелоидты созылмалы лейкоз: а — талақ ұлғайған (массасы 2800 г); б — жүректің қан
тамырындағы лейкоздық стаз және тромбылар.
Бауыр да едәуір ұлғайып, массасы 5-6 кг жетеді. Оның үсті тегіс, кесіндісі
бозғылт қоңыр түсті болады. Лейкоздық жасушалар, әдетте бауырдың
синусоидтарын қуалай шоғырланып, порталық жолы мен қабығынан да
ұшырасып қалады. Гемосидероз байқалып, гепатоциттерде майлы дистрофия
дамиды.
Лимфалық түйіндер шамалы ғана ұлғаяды. Тіні жұмсақ, бозғылт қызыл
түсті болып, құрамынан азды-көпті лейкоздық жасушалар байқалады.
Лейкоздық жасушалар
бадамша безде, ішектің топтасқан және
солитарлы фолликулдарында ,
бүйректе, теріде , кейде
ми мен оның қабықшаларында (нейролейкемия) шоғырланады. Ісік жасушалары қан тамырларының қабырғасы
мен саңылауын жайлап,
лейкоздық тромбылар түзіп,
лейкоздық стазға (133-
сурет) ұшыратады. Тамырлардағы үдерістердің салдарынан инфаркт пен
геморрагиялы ошақтар пайда болады. Созылмалы миелоидтық лейкозға
аутоинфекция жиі қосарланады.
Созымалы миелолейкоз тектес аурулар тобына
остеомиелолейкоз бен миелофиброз жатады. Бұл аурулармен сырқаттанғандарда миелолейкозға тән
өгерістер байқалып, сүйек кемігін сүйек тіні және дәнекер тін жайлап кетеді.
Үдеріс ұзақ ағымды әрі қатерсіз.
Цитостатикалық терапия созылмалы миелолейкоздың морфологиясын
өзгертті: лейкоздық ошақтар азайып, фиброз өрістейтін, лейкоздық