Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет289/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
248
жасушалардың 
жас 
буындары 
метастаз 
жайып, 
ісік 
ошақтарын 
қалыптастыратын және сүйек кемігі аплазияланып, панцитопения дамитын 
болды. 
Созылмалы эритромиелоз
— лейкоздың сирек нысаны. Ол қан жасайтын 
тіннің қызыл және ақ жасушалық өскінінен бастау алады. Сүйек кемігінде, 
талақ пен бауырда эритрокариоциттер, миелоциттер, промиелоциттер мен 
бластылық жасушалар шоғырланады. Аталған жасушалар қан арнасына 
шығады. Талақ өте ұлғаяды. Кейбір науқастарда миелофиброз дамиды 
(Ваганның созылмалы эритромиелозы). 
Эритремия
, әдетте егде тартқан адамдарда кездеседі. Қан арнасында 
эритроциттер көбейіп, плетора байқалады. Сонымен қатар, тромбоциттер мен 
гранулоциттердің саны көбейіп, артериялық гипертония дамиды, тромбоз бен 
спленомегалияға бейімділік орын алады. Сүйек кемігінде гемопоэздік қатардың 
бәрінен, әсіресе эритроциттік өскіннен өрістейтін жасушалар көбейіп кетеді. 
Эритремия ұзақ және қатерсіз ағымды болғанмен, мүшелерде лейкоздық 
жасушалар шоғырланып, бұл ауру көбіне созылмалы миелолейкозға ұласады. 
Эритремияның өзіне тән 
патоморфологиялық
 
бейнесі
 
бар
.
Бүкіл мүшелерді 
қан кернеп, артериялар мен веналарда тромбылар түзіледі. Жілік майы қызыл 
кемікке айналып, талақ күрт ұлғаяды. Миокардтың, әсіресе оң жақ қарыншаның 
көлемі өседі. Аурудың алғашқы кезеңінде сүйек кемігінде, талақ пен бауырда 
мегакариоцитті экстрамедуллалық ошақтар қалыптасса, аурудың соңғы 
кезеңінде лейкоздық жасушалардың шоғырлары түзіліп, үдеріс миелоидтық 
лейкозға айналады. 
Шынайы полицитемия
(Вакез-Ослер ауруы) — эритремияға ұқсастау 
сырқат.
Өте сирек кездесетін 
созылмалы мегакариоцитті лейкоз
да бар екенін есте 
ұстаған жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет