Нуржігіт Алтынбеков
36
сондықтан морфологиялы өзгерістер де, әдетте
бұл екі органеллаға бірдей
қатысты болады.
Түйіршікті эндоплазмалық тор мен рибосомаларда мынадай өзгерістер орын
алуы мүмкін: гиперлазия мен атрофия,
құрлысының тұрпайылануы,
рибосомалар мен полисомалардың дезинтеграциялануы (диссоциациялануы),
аномальді рибосома-табақшалық кешендердің түзілуі.
Түйіршікті эндоплазмалық тор мен рибосомалардың саны көбейгенде, яғни
гиперплазия
орын
алғанда,
жарық
микроскопымен
цитоплазманың
базофилиялығы артқаны байқалады
бұл рибосомалардың көлемдік тығыздығы
мен жасушада белоктардың түзілу қарқынын көрсетеді. Электрондық
микроскопты қолданып, белоктардың түзілуі мен бөлінуі арасындағы сәйкестік
жайлы немесе ондай сәйкестіктің жоқтығын пайымдауға болады.
Жасушада
белоктың түзілуі мен бөлінуі қарқынды болса (мысалы, белсенді
фибробластыларда), түйіршікті эндоплазмалық тордың цистерналары кеңіп,
онда электрондық тығыз зат азаяды да, мембраналармен сабақтас және бос
рибосомалар саны көбейеді (гиперплазия), түзілген белоктың бөлінуіне
қатынасатын табақша кешен (Гольджи кешені) айқын көрінеді (11-сурет).
Жасушада белок қарқынды түзіліп,
нашар бөлінсе, рибосомалар мен
полисомалары көбейіп, цистерналары кеңіп, ұлғайған
эндоплазмалық торға
жапалақ қар пішінді электрондық тығыз зат жиналады, кейде кристалар
түзіледі, ал Гольджи кешені нашар көрінеді (12-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: