Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Гепатоцит. Тегіс эндоплазмалық торы семген



Pdf көрінісі
бет33/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   832
Байланысты:
струков патан

14-сурет. Гепатоцит. Тегіс эндоплазмалық торы семген
. 18 000.
 
Эндоплазмалық тор және аралас әрекетті оксигеназалық жүйе 
Эндоплазмаллық торда алмасатын бөгде заттардың біразы жасушаның 
макромолекулаларымен әрекеттесіп, оны зақымдайды. Ондай метаболизмдік 
үдерістердің эндоплазмалық тордағы катализаторлары 

NADH- және O
2
-не 
тәуелді ферменттер тектес тобы

монооксигеназалар (гидроксилазалар) немесе 
аралас әрекетті оксигеназалар (АӘО)

бұл жүйенің соңғы буыны 

цитохром, 
яғни P-450. Көптеген мүшелердің (бауыр, өкпе, ішек, бүйрекүсті безінің 
қыртыстық қабаты, ен, тері) эндоплазмалық торынан цитохром Р-450-мен 
байланысқан АӘО жүйе анықталған. Бұл жүйе тек стероидтарды гидроксильдеп 
қана қоймай, көптеген эндогендік (май қышқылдары) және экзогендік (дәрі-
дәрмектер, органикалық еріткіштер, канцерогендер) липофильді заттардың 
жұмсалуына қатынасады. Тегі жат липофильді заттардың метаболизмі АӘО 

цитохром Р-450 жүйесі басты орын алатын бірқатар ферменттік үдерістердің 
күрделі әрекеттестігін қажет етеді. Кейде метаболизмнің бұл түрінен 
метаболизмге қатысқан заттардың белсенділігі толық жойыла қоймайды. 
Сөйтіп, реакцияға қатынаса алатын оксигенденген өнімдер үзіліп, олар 
жасушадағы нуклеин қышқылдарымен және белоктармен әрекеттесіп, оны 
(жасушаны) зақымдайды. Бұлай зақымдалудың негізгі механизмі 

липидтердің 
асқын тотығуына түрткі (индукция) болатын асқын сутегі мен оттегі 
анионының асқын оксидті радикалдарының түзілуі. 
Табақша кешен (Гольджи кешені), секреттік гранулалар мен вакуольдер 
Табақша кешеннің синтездік әрекеті эндоплазмалық тормен тығыз 
сабақтастықта жүріп, секреттік (түзінді) гранулалардың түзілуімен аяқталады. 
Сондықтан табақша кешеннің қосымшалары, яғни түйіршіктер мен вакуольдер 
түзу әрекеті бұзылса, оның морфологиялық бейнесі де соған сәйкес өзгереді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет