Нуржігіт Алтынбеков 35
олардың цитоскелеті бұзылады. Бұл тектес өзгерістер мембрананы
комплементтер («гиперсезімталдық аурулары») зақымдағанда орын алады.
Мембраналарда ақау пайда болып, кедергілік әсері кеміп, өткізгіштігі күрт
артады.
Жасушааралық қатынас пен «тану» әрекетінің өзгерістері. Жасушааралық
қатынас «жат» пен «өзінікін» тану
жасушалар бірлестігіне қажет қасиет.
Жасушалардың «танып», өзара «қатынасуы» плазмалық және жасушадағы
органеллалардың мембраналарының арасындағы айырмашылыққа негізделген.
Бұл тұрғыдан, белгілі бір жасушаға тән маркері, яғни беткейлік антигені бар
мембраналық гликокаликстің мәні ерекше.
Жасушалардың «танып», өзара «қатынасуының» өзгеруі беткейлік антигенді
өзгертетін қабыну, регенерация, ісік сияқты патологиялық үдерістерде орын
алып, кейде антигендер типіне қатысты, енді бірде жасушааралық кеңістіктің
«қол жетпейтіндей» алшақтауымен байланысты болуы мүмкін. Белгілі бір
жасушаға тән антиген жойылса, «эмбриондық» немесе «аномальді» (мысалы,
карцин-эмбриондық) антигендер пайда болатыны дәйектелген жайт;
мембранадағы гликопротеидтер өзгерсе, антидененің оған әсер етуі де оңай
болады.
Жасушааралық қатынас олардың өзара түйісу сипатына да байланысты; оны
әртүрлі патологиялық үдерістер мен аурулар зақымдай алады. Мысалы, рак
(қазақшада «карцинома» аталымын қолдану қолайлы сияқты.
Ауд.)
жасушалардың түйісу сипаты мен жасушааралық байлыныстың өзгеруінің
арасында үйлесім байқалады; ісікте аномальді жалғамдар болатыны
анықталған.
Жасушаның пішіні мен
қозғалғыштығының өзгерістері .
Жасуша
қозғалғышытығы өзгеруінің екі типі бар
мебрананың дөңестенуі
экзотропия және цитоплазмаға ойысуы
эзотропия . Экзотропияда мембрана жасушаның
сыртындағы кеңістікке томпайып, мембранамен қоршалған цитоплазмалық
құрылым түзілсе, эзотропия кезінде мембранамен қоршалған қуыс пайда
болады. Жасушаның пішінінің өзгеруіне экзотропия мен эзотропия ғана емес,
жасуша беткейінің тұрпайылануы да себеп (мысалы, нефроздық синдромда
подоциттер өскінінің жойылуы).
Мембрананың түзілуі мен
алмасуының өзгерістері . Мембрананың түзілуі
(жасушаға бірқатар химиялық заттардың әсерінен)