Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Бүйрек артерияларының атеросклерозы



Pdf көрінісі
бет323/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   832
Бүйрек артерияларының атеросклерозы. 
Атеросклероз түйіншектері, 
әдетте бүйрек артерияларының негізгі немесе бірінші, кейде екінші ретті 
тарамдарының сағасын тарылтады. Үдеріс бүйректің сыңарын жиірек, ал қос 
бүйректі сиректеу қамтиды. Бүйректің паренхимасы семіп, стромасы қабысып, 
дәнекер тін жайлаған сына кескінді аймақтар пайда болады немесе инфаркт 


Нуржігіт Алтынбеков 
274
дамып, оны тыртық басады. Тыртық басқан жерлер ойыстау келеді. Сөйтіп, 
бүйрек атеросклероздан ірі бұдырлы болып бүріседі (
атеросклероздық 
нефроцирроз; 
150-сурет). Бірақ паренхимасының басым бөлігі зақымдалмайды, 
сондықтан оның қызметі де онша кеми қоймайды. Атеросклероздан бүйректің 
артериялары тарылып, паренхимасы ишемияға ұшыраса, кейде симптомдық 
(бүйректік) гипертония байқалады.
150-сурет. Атеросклероздық нефросклероз. 
5. 
Ішек артерияларының атеросклерозы
көбіне тромбозбен асқынып
ішекте гангрена дамиды. 
6. 
Аяқ артерияларының
атеросклерозында, әдетте санның артериялары 
зақымдалады. Коллатеральдардың арқасында үдеріс ұзақ уақыт білінбейді. 
Дегенмен, коллатеральдардың жеткіліксіздігі өрістей келе, бұлшықеттер семіп, 
аяқ суиды, жүргенде осы ауруға тән ауырсыну пайда болады 
(ұстамалы 
ақсақтық
). Егер атеросклерозға тромбоз қосарланса, аяқты гангрена шарпиды 
(
атеросклероздық гангрена
). 
Гипертония ауруы 
Гипертония ауруы 
(синонимдары: біріншілік, яғни эссенциалдық 
гипертензия, жоғары қысымды артериялық ауру) — басты клиникалық 
нышанына артериялық қысымның ұзақ мерзімді, әрі тұрақты жоғарылауы 
(гипертензия) тән созылмалы ауру. Бұл ауруды «жауапсыз эмоция кеселі», яғни 
неврогендік негізде дамитын дербес ауру ретінде Ресей емгері (клиницист) 
Г.Ф.Ланг сипаттаған-ды. 
Атеросклероз сияқты, гипертония ауруы да тұрғындарына психика-
эмоциялық зорығудың әсері тән, экономикасы өркендеген елдерде кең таралған. 
Сондықтан ол қала тұрғындарында және ой еңбегімен айналысатындарда жиі 
байқалатын аурулар тобына жатқызылады. Гипертония ауруына егде адамдар 
жиірек шалдығады. 
Гипертония ауруын дербес ауру деп тану, оны жүйке мен ішкі секреция 
бездерінің ауруы және бүйрек пен қан тамырлары патологиясы кезінде дамитын 
симптомдық гипертониядан
, яғни 
гипертониялы жағдайлардан
ажыратуды 
талап етеді. 
Симптомдық гипертензияға ұшырататын себептер мыналар: 
ОЖЖ-ның аурулары: энцефалит, ми бағанын зақымдаған полиомиелит, мидың 
ісіктері мен жарақаттары (посткоммоциялық гипертензия); 
эндокриндік жүйенің аурулары: бүйрекүсті безінің (феохромоцитома, альдостерома, 
кортикостерома), параганглийлердің (параганглиома) и гипофиздің (базофилді 
аденома); эндокриндік-жыныстық гипертензия (әйелдер мен ерлердің климакстық 
кезеңінің); 
бүйрек пен зәр шығаратын жолдардың аурулары (бүйректік, яғни нефрогендік, 
гипертензия): гломерулонефрит, пиелонефрит, гидронефроз, диабеттік және 
бауырлық нефропатия, бүйрек амилоидозы, тума аномалиялар, бүйрек поликистозы; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет