Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет317/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   832
Байланысты:
струков патан

Фиброзды түйіншектер
— құрамында липидтер бар, сопақтау немесе 
дөңгелек бітімді, ақ немесе ақшыл сары түсті құрылымдар; интиманың үстіңгі 
бетінен асып, томпайып тұрады. Олар көбіне бірігіп, қан тамырының ішкі бетін 
бұдырлы етіп, саңылауын тарылтады 
(стенозды атеросклероз)
. Фиброзды 
түйіншектердің ең жиі қалыптасатын жерлері: қолқаның құрсақ қуысындағы 
бөлімі мен оның ірі тарамдары, жүректің, мидың, бүйректің, қол мен аяқтың 
артериялары, мойын артериялары, т.б. Көбінесе қан тамырларының 
гемодинамикалық (механикалық) әсер басымырақ жерлері зақымдалады 
(артериялардың бүгіліс-бұрылыстары, сағасы мен қатты мүше жақтағы 
қабырғалары). 
Асқынған зақымды түйіншектер
түзілгенде олардың ішіндегі майлы-
белокты кешендер ыдырап, өлексе (
детрит
) түзіп, кеңіген (
ретенциялық
) май 
бездерінде жиналатын қойыртпақ тәрізді зат, — 
атеромаға
айналады. Бұл 
атеромалы өзгерістер
деп аталады. Атеромалы өзгерістер өрши келе 
түйіншектердің үсті зақымдалады
да, оның ішіне қ
ан жиналады
(интрамуралдық гематома), ойық жаралар (атеромалық ойық жаралар) пайда 
болып, 
тромбылар
түзіледі. Артериялар күрт бітеліп, инфаркт дамиды, 
тромбылар мен атеромалық бөлшектер эмболдарға айналады, қан тамырының 
ойық жаралы жерлерінде аневризма қалыптасып, атеромалы ойық жара 
біртіндеп зақымдалып, кейде қан кетеді. 
Кальциноз (атерокальциноз)
— атеросклероздың соңғы сатысы. Фиброзды 
түйіншектерге кальций шөгіп, олар 
ізбестенеді
, қатайып тасқа айналады 
(
петрификациялы түйіншектер
). Қан тамырының петрификат қалыптасқан 
жерлері сиықсызданады (деформация). 
Атеросклероздың макробейнесіне тән үдерістер көбіне қосарланып дамиды. 
Сондықтан бір мезгілде, бір тамырда (мысалы, қолқада) майлы дақтар мен 
жолақтар да, фиброзды түйіншектер мен тромбылар да, атеромалы ойық 
жаралар мен атерокальцинозды жерлер де болады. Бұл атеросклероздың 
толқымалы ағымды ауру екендігінің дәлелі (142,143-суреттерді қара). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет