Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет352/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   832
жоғарғы тынысалу жолдары, өкпе
және 
бүйрек
зақымдалады. 
О
БЛИТЕРАЦИЯЛЫ ТРОМБАНГИИТ
 
Облитерациялы тромбангиит 
(Винивартер—Бюргер ауруы)
негізінен 
аяқтың ұсақ артериялары мен веналарын зақымдап, тарылтатын жүйелік 
васкулит. 
Этиологиясы мен патогенезі.
Аурудың даму себебі мен механизмі белгісіз.
Дегенмен, темекі шегудің әсер ететіні күмәнсіз. Көбіне жасы 40-тан аспаған ер 
адамдар сырқаттанады. 
Патологиялық анатомиясы.
Аяқтың веналары басымырақ зақымдалып
онда көбіне пролиферациялы эндо-, мезо- және перифлебит дамиды. Қан 
тамырларында 
тромбылар 
түзіліп, 
саңылауы 
бітеледі. 
Веналардай 
зақымдалмағанмен, аяқтың артерияларын да пролиферациялы эндо-, мезо және 
периартериит шарпиды. Қан тамырлары сегменттене қалыңдап, фиброзды жуан 
жолақтарға айналады. 
Аурудың жедел, жеделдеу және созылмалы кезеңдері бар. 
Жедел кезеңіне
альтерация-экссудациялы 
және 
альтерация-пролиферациялы 
тромбылы 
васкулит тән. Альтерациялық өзгерістер ғана дамып қоймай, қан 
тамырларының қабырғасы мен төңірегіне түрлі-ядролы лейкоциттер 
шоғырланып, ішкі эластикалық мембрананы ыдыратады, кейде микроіріңдіктер 
қалыптасады. 
Жеделдеу кезеңде
пролиферациялы қабыну басым. Тамырлардың 
қабырғасына лимфоциттер мен гистиоциттер шоғырланып, өндіршін тамырлар 
көбейіп, тромбылар беріштене бастайды. Бұл кезеңге гранулемалар тән. Олар 
тамырлардың ортаңғы қабатында, ыдыраған ішкі эластикалы мембрананың 
өлекселі бөлшектерінің арасында және тромбыларда түзіледі. Бұл гранулемалар 
олеогранулемаға немесе туберкулез гранулемасына ұқсайды. 
Созылмалы 
кезеңде
тромбылардың беріштенуі басымырақ болады да, тамырлардың 
саңылауы мүлде бітеліп қалады. Кейде тромбылар беріштеніп қана қоймай, 
онда жаңа саңылаулар қалыптасады (реканализация) және ізбестенеді. 
Тромбангиит организмді түгел жайлап, жүрек пен мидың да тамырлары 
зақымдалып, инфарктілер дамуы да мүмкін. 
Аурудың 
ағымы
созылмалы әрі толқымалы, оның ақырғы кезеңінде аяқты 
көбіне гангрена шарпиды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет