Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Қайталамалы сүйелді эндокардиттің



Pdf көрінісі
бет357/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   832
Байланысты:
струков патан

Қайталамалы сүйелді эндокардиттің
барысында бұрын склероз дамып
қалыңдаған қақпақшаның жақтауларындағы дәнекер тін біртіндеп ыдырап, 


Нуржігіт Алтынбеков 
299
эндотелийі үнемі зақымдалып, жаңа тромбылар түзіліп отырады. Ақырында бұл 
өзгерістер склероз бен гиалинозға ұласып, қақпақшаның жақтаулары қалыңдап, 
сиқы кетеді 
(169-
сурет
)
; сөйтіп, 
жүрек кемістігі
қалыптасады 
(«Жүрек 
кемістіктерін»
қара
). 
168-сурет. Сүйелді жедел эндокардит. 
169-сурет. Қайталамалы сүйелді эндокардит. 
Миокардит
— жүректің бұлшықетті қабатының қабынуы. Ол ревматизмнің 
тұрақты көрінісі. Оның үш түрі бар: 1) түйіншекті пролиферциялы 
(гранулемалы), 2) диффузды аралық экссудатты және 3) ошақты аралық 
экссудатты. 
Түйіншекті (гранулемалы) пролиферациялы миокардит
. Миокардтың бұл 
түрінде периваскулалық тінінде ревматизмге тән гранулемалар қалыптасады 
(ревматизмдік спецификалы миокардит; 167-суретті қара). Олар микроскоппен 
ғана көрінеді. Бүкіл миокардты шашырай жайлағанмен, көбіне сол жақ 
құлақшада, қарыншааралық перде мен жүректің сол жақ бөлігінің артқы 
қабырғасында дамиды. Гранулемалар әртүрлі даму фазасында болады. 
(«Гүлденген («жетілген») гранулема ревматизм асқынған кезде байқалса, оның 
«солғын» («тыртығтанған») түрі аурудың бәсеңдеген кезіне тән. Әдетте, 
гранулемалы миокардит 
периваскулалық
склерозға
ұласып, кейде ревматизм 
өрши келе, айқын бейнелі 
кардиосклерозбен
аяқталады. 
Миокардиттің диффузды аралық экссудатты
түрін кезінде М.А. Скворцов 
сипаттаған-ды. Миокардтың аралық тіні су сіңіп ісініп, қан кернейді, оған біраз 
лимфоциттер, гистиоциттер, нейтрофилдер мен эозинофилдер шоғырланады. 
Ревматизмдік гранулемалар сирек кездеседі, сондықтан миокардиттің бұл түрі 
бейспецификалық диффузды миокардит деп аталады. Жүрек жұмсарып
қуыстары кеңиді, дистрофия өрістеп, миокардтың жиырылу қабілеті күрт 
нашарлайды. Диффузды аралық экссудатты миокардит балаларға тән. Ол жүрек 
қызметін күрт бұзып (декомпенсация), кейде тез арада қазаға ұшыратады. 
Аурудан айыққандардың миокардында 
диффузды
кардиосклероз
дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет