Нуржігіт Алтынбеков
301
шеңберінде
тромбылы эмболи
я
пайда болатын кезге айналып, бүйректе,
талақта, көздің торлы қабықшасында инфарктілер, ал мидың тінінде некрозды
ошақтар, қол мен аяқта гангрена дамиды. Ревматизмдік үдерістен дәнекер тіні
ыдырап, мүшелерде, әсіресе жүректе,
склероз
өрістейді. Дененің (үлпершек,
кеуде, т.б.) қуыстарында
бірікпелер
қалыптасып, кейде олар бітеліп те қалады.
Өлімнің себептері.
Сырқат адамдар ревматизм асқынып, тромбылы эмболия
синдромының әртүрлі зардаптарынан немесе жүрек кемістігінің салдарынан
дамыған жүрек қызметінің жеткіліксіздігінен қайтыс болады.
РЕВМАТОИДТЫҚ АРТРИТ
Ревматоидтық артрит
(синонимдары:
инфекциялық полиартрит,
инфектартрит
) — буындар шеміршектері мен қабықшаларының дәнекер тіні
тез ыдырап, қалыпты сиқынан таятын созылмалы ревматизмдік ауру.
Этиологиясы мен патогенезі
. Бұл ауруды бактериялар (
-гемолиздік
стрептококтардың В тобы), вирустар, микоплазмалар дамытады дейтін пікір
бар. Генетикалық факторларға да зор мән беріледі. Ревматоидтық артритпен
көбіне НLA/B27 және D/DR4 антигендері, яғни гистосыйымдылық антигенді
әйелдер ауыратыны белгілі. Тіндердің жергілікті және жалпы түрде
зақымдалуына жоғары молекулалы иммундық кешендер де зор әсер етеді.
Олардың құрамына ІgG-антигені және әртүрлі иммундық глобулиндерден
IgM,
IgG, IgE
түзілген антиденелер кіреді. Бұл глобулиндер
ревматоидтық
факторлар
деп аталады.
Ревматоидтық факторлар
Достарыңызбен бөлісу: