Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Мидағы ревматизмдік капиллярит пен артериолит



Pdf көрінісі
бет359/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   832
Байланысты:
струков патан

170-сурет. Мидағы ревматизмдік капиллярит пен артериолит. 
Буындардың
зақымы
— 
полиартрит
ревматизмнің тұрақты 
көріністерінің бірі. Бүгінгі таңда ревматизммен сырқаттардың 10—15%-ында 
кездеседі. Буынның қуысына ұйымалы-фибринді экссудат жиналады. 
Синовийлік қабықшаның тінін қан кернейді, аурудың жедел кезеңінде 
мукоидты ісіну мен васкулит дамиды, синовиоциттер көбейеді. Буынның 
шеміршегі бүлінбейді, сондықтан буын қалыпты сиқынан таймайды. 
Буындардың маңындағы тін мен сіңірлердің өне бойындағы дәнекер тін 
ыдырап, кейде жасушалы гранулемалар түзіледі. Ревматизмнің 
түйінді
(
нодозды
) түрінде ірі (бұршақтай) түйіндер қалыптасады. Түйіндердің 
орталығында фибриноидты некроз ошақтары түзіліп, жиегі макрофаг текті ірі 
жасушалармен шектеледі. Кейін түйіндер ыдырап, тыртықтанады. 
Жүйке жүйесінде
ревматизмдік
васкулит
дамып 
(170-
суретті қара
)

жүйкелік жасушалар дистрофияға ұшырайды, мидың тінінде деструкциялы 
және қанды ошақтар болады. Балаларда бұл үдерістердің клиникалық бейнесі 
айқын болып, көбінесе ревматизмнің 
милық нысаны (кіші хорея)
дамиды. 
Ревматизм асқынған кезде 
сірі қабықшалардың
(
ревматизмдік полисерозит
), 
бүйрек
(
ошақты және диффузды ревматизмдік гломерулонефрит
) пен 
өкпенің
(
ревматизмдік пневмонит
) тамырлары мен интерстицийі және 
бұлшықеттер
(
бұлшықеттік ревматизм
) қабынады, тері су сіңіп ісініп, онда 
васкулит дамиды, жасушалар шоғырланады 
(түйінді эритема)
, ал 
эндокриндік
бездерде
дистрофия өрістеп, олар семеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет