Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет363/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   832
Байланысты:
струков патан

Синовиттің екінші кезеңі.
Буындардың бүрі көбейіп, шеміршегі қатты 
бүлінеді. Сүйектердің буындағы бетінде грануляциялық тіннің ұялары 
қалыптасады, олар біртіндеп синовийлік қабықша мен шеміршекке жайылып, 
жұқа құрақша тәрізді құрылымдар — 
паннус
(латынша: 
раnnus
— құрақша) 
түзеді. Бұл үдеріс, әсіресе ұсақ буындарды айқын шарпиды. Саусақ пен алақан-
саусақ буындары сыртқа қарай (ульнарлық бағытта) оп-оңай орнынан тайып не 
шығып кететіндіктен, науқастың қолының басы итбалықтың жүзу қанатына 
ұқсас болады. Аяқтың буындары мен сүйектері де тап осылай өзгереді. 


Нуржігіт Алтынбеков 
303
Синовиттің бұл кезеңінде ірі буындардың қимылы шектеліп, ішкі саңылаулары 
тарылады, сүйектердің эпифиздерін остеопороз шалады. Ұсақ буындардың 
қабықшалары қалыңдап, ішкі беті бұдырланады, тініне қан біркелкі толмайды, 
шеміршектері көмескі тартып, онда ойыстар (
узура
) мен жарықшақтар болады. 
Микроскоппен синовийлік қабықшалардың кей жерлерінен склероз, енді бір 
жерлерінен фибриноидты некроз ошақтары байқалады. Бүрлердің біразы 
өзгермей көбейіп, стромасына лимфоциттер мен плазмалы жасушалар 
жиналады. Қалыңдаған бүрлердің кей жерлеріне лимфоидтық жасушалар 
шоғырланады, сөйтіп олар көбею орталығы бар фолликулдар қалыптастырып 
(173-
сурет
)
, синовийлік қабықшаларды 
иммунгенездік мүшеге
айналдырады. 
Фолликулдардағы плазмациттерде ревматоидтық фактор болады. Бүрлердің 
арасынан 
нейтрофилдер, 
плазмалы 
жасушалар, 
лимфоциттер 
мен 
макрофагтардан және өте көп қан тамырларынан құрылған грануляциялық тін 
алаптары ұшырасады. Грануляциялық тін бүрлерді түгел ыдыратып, орнын 
басады, шеміршектердің үстіне және ондағы ұсақ жарықшақтар арқылы ішіне 
де жайылады 
(174-
сурет
)
. Грануляциялық тіннің қысымынан гиалинді 
шеміршек біртіндеп жұқарып, ыдырап, сүйектердің эпифизі жалаңаш қалады.
Синовийлік қабықшалардағы тамырлардың іргелері қалыңдап, гиалинденеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет