Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет373/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   832
қаңқалық
бұлшықеттер
және 
жұтқыншақ
пен 
көмейдің

көкет
пен 
көздің
бұлшықеттері
зақымдалады. 
Олар ақшыл сарғыш реңденіп, су сіңіп ісінеді. Терінің шел майы мен 
бұлшықеттерде ізбесті ошақтар пайда болады. Бұлшықет талшықтарында 
дистрофия өрістеп, көлденең жолақтары жойылады, гликоген азайып, бірқатар 
ферменттердің 
әрекеттесу 
қабілеті 
күрт 
нашарлайды. 
Бұлшықет 
талшықтарының біразы жойылып, ол жерлерге ұсақ ізбес түйіршіктері шөгеді. 
Кейін бұлшықеттердің стромасы су сіңіп ісініп, қабынады. Құрамында 
лимфоциттер, макрофагтар, плазмалы жасушалар басым инфильтраттар пайда 
болады (182-сурет). Лимфоциттер мен макрофагтар әсіресе микротамырларды 
қуалай шоғырланады. Капиллярлардың эндотелийі көбейіп, сыдырылады, кейде 
тіпті олардың саңылауын бітеп те тастайды.
182-сурет. Дерматомиозит. 
Бұлшықет талшықтарындағы дистрофиялық өзгерістер мен аралық тіндегі 
жасушалар шоғыры. 
Дерматомиозит 
ішкі
мүшелерді
де үнемі зақымдайды. Көбіне 
жүректе

өкпеде

асқазан
мен 
ішекте
дистрофия, склероз дамып, олар қабынады.
Бұл аурумен сырқат балалардың көбі 
пневмониядан
өледі. 
Лимфалық түйіндер
мен 
талақтың
лимфалық тіні көбейіп, ұлғаяды және 
бұл мүшелерде плазмалы жасушалар өзгере түрленеді. 
Клиника-морфологиялық 
нысандары

Дерматомиозиттің 
біріншілік 
(идиопатиялық)
және 
салдарлық (ісіктік) нысандары
бар. Олардың 
морфологиялық бейнесі ұқсас. Екеуі де 
жедел

жеделдеу

үздіксіз
қайталамалы
және 
созылмалы
ағымды болады. Аурудың біріншілік нысаны балаларда, ал 
салдарлық нысаны егде адамдарда жиірек. Дерматомиозиттің дамуына жиі 
себеп болатын ісіктердің қатарына аналық бездің, емшектің, өкпе мен 
асқазанның және ішектің карциномасы жатады. Бұл ісіктердің біразы алғаш рет 
осы дерматомиозит арқылы білінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет