Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет374/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
310

Тынысалу мүшелерінің аурулары 
Тынысалу мүшелерінің аурулары 
клиникалық және патоморфологиялық 
бейнесінің алуан түрлілігімен ерекше. Бұл жағдай тынысалу мүшелерінде ауру 
дамыта алатын этиологиялық факторлардың көптігімен, науқастардың жас 
шамасымен және өкпе құрылысының өзіндік ерекшеліктерімен байланысты. 
Тынысалу мүшелерінің ауруларын көбіне 
биологиялық патогенді факторлар
қоздырады; әсіресе бронхылар мен өкпеде қабыну (бронхит, трахеит, 
бронхиолит, пневмония) үдерістерін өрбітетін вирустар мен бактериялардың 
маңызы зор. Бронхылар мен өкпеде қабыну мен аллергиялық (бронхылық 
астма) және ісік (карцинома) үдерістерін 
химиялық
және 
физикалық
агенттер 
де дамытады. Бұл агенттер тынысалу жолдары мен өкпеге ластанған ауа 
арқылы өтеді. Бронхылар мен өкпе ауруларының дамуына 
тұқымқуалайтын
 
факторлар
мен 
жас шамасына байланысты ерекшеліктердің
де үлкен әсері 
бар. 
Тынысалу мүшелері ауруларының даму барысы патогенді және ауруға 
қолайлы жағдай туғызатын факторлармен ғана сабақтас емес, 
тынысалу 
жүйесіндегі қорғаныстық бөгендермен
де байланысты. Олардың ішінде 
аэродинамикалық
сүзгі
мен жалпы және жергілікті қорғаныстың 
гуморальдық
пен жасушалық механизмдері ерекше орын алады. Аэродинамикалық сүзгінің 
жұмысы бронхылардың тарамдарындағы кірпікшелі эпителий арқылы жүзеге 
асып, мукоцеллюлалық тасымалдау үдерісіне негізделеді. Тынысалу 
жүйесіндегі гуморальдық жергілікті қорғаныс факторларына секрециялық 
иммундық 
глобулиндер 
(ІgА), 
комплементтер 
жүйесі, 
интерферон, 
лактоферрин, 
протеазалардың 
ингибиторлары, 
лизоцим, 
сурфактант, 
хемотаксистік фактор, лимфокиндер, ал 
гуморальдық жалпы қорғаныс 
факторларына
ІgM мен ІgG жатады. 
Тынысалу жүйесіндегі жасушалық 
жергілікті қорғаныс факторларына
альвеолалық макрофагтар кірсе, 
жасушалық жалпы қорғанысты
полиморфядролы лейкоциттер, келімсек 
макрофагтар мен лимфоциттер қамтамасыз етеді. Тынысалу жүйесіндегі 
қорғаныстық бөгендердің құрамдас бөліктерінің жеткіліксіздігі кейде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет