Нуржігіт Алтынбеков
321
алады. Шектелген созылмалы бронхит біртіндеп бронхылардың барлық
тарамдарын қамтып,
диффузды созылмалы бронхитке
ұласады. Бронхылардың
іргесін дәнекер тін жайлап, қалыңдатады; бронхылардың жалпы пішіні өзгереді.
Бронхит ұзаққа созылса, кейде қалталанған немесе цилиндр тәрізді
бронхэктаздар
қалыптасады.
Созылмалы бронхит кезіндегі микроөзгерістер әртүрлі. Бірде кілегейлі
қабықша семіп, призма сияқты эпителий көпқабатты эпителийге айналып
(метаплазия), бокалша жасушалар көбейіп,
созылмалы шырышты
немесе
іріңді
катардың
(созылмалы катарлы-шырышты және катарлы-іріңді бронхиттің)
бейнесі басым болса, енді бірде — бронхының іргесі мен әсіресе оның кілегейлі
қабықшасында жасушалар шоғыры, ал саңылауында полип тәрізді бүртіктене
өскен грануляциялық тін тым көбейіп кетеді (
полипті
созылмалы
бронхит;
186-сурет). Грануляциялық тін жетіліп, іргесін дәнекер тін жайлап,
бронхылардың бұлшықетті қабаты семеді, кескіні бұзылады (
деформациялы
созылмалы
бронхит
).
Достарыңызбен бөлісу: