Нуржігіт Алтынбеков
319
Өкпе абсцесі (іріңдігі)
пневмониягендік
,
бронхыгендік
болады (185-сурет).
Өкпенің пневмониягендік абсцесі
әртүрлі себептен, көбіне стафилококтық
немесе стрептококтық пневмониядан өрбиді. Әдетте,
өкпеде некроз дамып,
кейін ол жер іріңдеп жидиді. Іріңді-некроздық өлексе бронхылар арқылы
қақырықпен шығарылып,
абсцестік қуыс
қалыптасады.
Ірің мен өкпенің
қабынған жерлерінде іріңдеткіш микробтар көп болады. Жедел абсцестер,
әдетте жедел пневмония жиі дамитын ІІ, V I , VІІІ,
ІX және X сегменттерден
орын тебеді. Абсцестер көбіне бронхылардың саңылауымен (кәріз
бронхылармен) жалғасады да, ірің солар арқылы қақырыққа араласып,
сыртқа
бөлінеді.
Өкпенің бронхыгендік абсцесі
бронхэктаздардың
іргесі зақымдалғанда
пайда болады. Бронхэктаздардың іргесі бұзылып, төңірегіндегі тін қабынып,
кейін
некроз дамып, іріңдеп, іріңді қуыс (абсцесс) қалыптасады. Бұндай
абсцестің іргесінің біраз жерін бронхэктаз, қалған бөлігін өкпенің қатайған тіні
құрайды. Бронхыгенді абсцестер, әдетте көп болады.
Жедел абсцесс кейде
өздігінен жазылып, көбінесе созылмалы абсцеске айналады.
185-сурет. Өкпенің абсцесі.
Өкпенің
гангренасы
— өкпенің жедел ағымды деструкциялы үдерістерінің ең
ауыр ағымдысы. Ол, әдетте пневмония
ошағына шіріткіш микроорганизмдер
түскенде немесе өкпе абсцесінің зардабы ретінде дамиды. Өкпенің тіні ылғалды
некрозға ұшырап, қара қоңыр түсті, өте сасық иісті болады.
Өкпенің
гангренасымен науқас, адам әдете өледі.
Достарыңызбен бөлісу: