Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет398/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   832
Байланысты:
струков патан

ПНЕВМОФИБРОЗ 
Пневмофиброз
— өкпені дәнекер тін жайлайтын үдерістердің жалпы атауы. 
Ол өкпедегі әртүрлі үдерістердің ақыры ретінде дамиды. Пневмофиброз 
карнификациялы пневмонияның ошақтарында, қабынған ошақтардан лимфа 
тасымалдайтын 
арналарда, 
бөлікшеаралық 
перделердегі 
лимфалық 
тамырлардың және бронхылар мен қан тамырларының төңірегінде, 
пневмониттің салдары ретінде, тағы басқа да себептерден туындайды. 
Пневмофиброз кезінде қан тамырларын дәнекер тін жайлап, капиллярлар 
тұрпайыланады, сондықтан өкпеде гипоксия дамиды. Оның әсерінен 
фибробластылардың коллагентүзгіш әрекеті жанданып, пневмофиброздың 
өршуіне қолайлы жағдай туады, кіші қанайналымы шеңберінде қан ағысы 
қиындайды. Сөйтіп, жүректің оң жақ бөлігі ұлғайып, 
өкпелік жүрек
қалыптасып, ақыры жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне әкеп соғады. 
Пневмофиброз тым өршісе, бронхит қайталана берсе, обструкциялық ошақ 
немесе диффузды эмфизема дамыса, өкпе 
тінінің қалыпты құрылысы өзгеріп
(ацинустары өзгеріп, жалған безді құрылымдар түзіліп, бронхиолалар мен қан 


Нуржігіт Алтынбеков 
328
тамырларының іргесін склероз жайлап, капиллярлар тұрпайыланады), зақымды 
жерлердегі альвеолалар кеңіп, кистаға айналады, фиброзды аймақтар көбейеді. 
Өкпе қалыпты сиқынан тайып, 
деформация
дамиды. Өкпеде фиброз, эмфизема, 
деструкция, репарация дамып, оның қалыпты кейпі бұзылса, пневмоцирроз деп 
аталады. 
Пневмокониоздар 
Пневмокониоздарды
«Кәсіптік аурулар»
мен 
«Өкпенің бейспецификалық 
созылмалы ауруларын»
қара. 
Өкпе карциномасы 
Өкпе карциномасының
басым көпшілігі бронхылардың эпителийінен, ал 
бірен-сараны альвеолалық эпителийден туындайды. Сондықтан да өкпе 
карциномасы, — көбінесе өкпенің бронхыгендік карциномасы, ал өкпенің 
пневмониягендік карциномасының үлесі 1%-дан аспайды. Қатерлі ісіктермен 
сырқаттану және өлім-жітімнің көбею қарқыны бойынша өкпе карциномасы 
І981 жылдан бастап дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Онымен сырқаттану 
және одан болатын өлім-жітімнің көрсеткіші әсіресе экономикасы өркендеген 
елдерде өте жоғары. Мысалы, І985—1986 жылдарда өкпе карциномасымен Ұлы 
Британиядағы әр миллион тұрғынның 1068-і сырқаттанса, Шотландияда — 
1158-і, ал Венгрияда — 990-і сырқаттанған. І970 жылдан бері өкпе 
карциномасы КСРО аймағында ерлерде дамыған қатерлі ісіктердің арасында 
бірінші орын, ал әйелдерде екінші орын алатын болды. Онымен сырқаттанудың 
көрсеткіші орташа деңгейде болып, оның өсу қарқыны орташа дүниежүзілік 
көрсеткіштен 3,1%-ға асып түскен. КСРО-да І980 жылы өкпе карциномасынан 
болатын өлім-жітім 25,9%-ға жетті. Бұл ауру ер адамдарда әйелдерге қарағанда 
4 есе жиі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет