Нуржігіт Алтынбеков
329
бөгде
дененің
төңірегінде
өрістеген
пневмосклероз
ошақтарында
қалыптасатыны қазір дәйектелген жайт. Сондықтан ол «тыртықтағы
карцинома» деп те аталады. Тыртықтық тінде жасушалардың қатерлі ісікке
айналуына қолайлы бірқатар жағдайлар орын алады. Онда экзо- және
эндогендік канцерогендер басқа жерлерге қарағанда көбірек жиналады,
жергілікті иммунсупрессия қалыптасады, жасушалардың арақатынасы өзгереді,
т.с.с. Сол себепті, ірі бронхыларда байқалатын ракалдылық өзгерістерден шеткі
карциномаға ұласатын пневмосклероз ошақтарында өрістейтін ракалдылық
үдерістердің түрлері көбірек болады. Пневмосклероз ошақтарында ұсақ
бронхылар мен бронхиолалардың және альвеолалардың эпителийі базал
жасушалы және жайпақжасушалы метаплазия мен дисплазияға ұшырайды,
аденомалы гиперплазия байқалып, ұсақ ісікшелер деп аталатын құрылымдар
түзіледі. Өкпе карциномасы патогенезінің басты механизмі — эпителийлік
жасушалардың
геномының зақымдалуы
. Гендік (тектік) құрылымда үш түрлі
үдеріс орын алады:
хромосомалық аберрация, нүктелік (белгілі бір жерде)
мутация
және
протоонкогендер
жанданып
зақымдалады
(протоонкогендер
деп — жасушалардың вирустық және бейвирустық онкогендерге айнала алатын
қалыпты гендері аталады).
Классификациясы
. Бұл аурудың классификациясында оның дамыған орны,
өсу сипаты, макробейнесі мен микробейнелік нысаны ескерілген.
Достарыңызбен бөлісу: