Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет414/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
341
үйлесімді жүрмейтінін көрсетеді. Сол себепті атипиялы жасушалар пайда 
болып, дисплазия орын алады.
Сөйтіп, созылмалы гастрит регенерацияны, яғни қалыпты құрылымдардың 
түзілуін бұзып, атипиялы (дисплазиялы) жасушалар қалыптастырады. Ол 
жасушалардың біразы кейде 
асқазан карциномасына
бастау болады. 
Созылмалы гастриттің 
маңызы
өте зор. Гастроэнтерология саласына қатысты 
аурулардың ішінде ол екінші орында. Эпителийді тым дисплазияға ұшыратқан 
гастрит 
асқазанның ракалдылық ауруы
екенін де ескерген жөн. 
ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУ 
Ойық жаралы ауру
— негізгі жасушалық және морфологиялық бейнесі 
асқазан мен ұлтабардағы қайталамалы ойық жара болып табылатын кезеңді 
созылмалы ағымды ауру. Бұл ауру ойық жараның қалыптасқан жері мен 
патогенезінің ерекшеліктеріне қарай
, пилорус-дуоденум аймағының
және 
асқазан денесінің
ойық жаралы ауруы деп жіктеледі. Дегенмен, аурудың бұл 
екі нысаны бірге дамуы да мүмкін. 
Асқазан мен ұлтабардың ойық жаралы ауруын бейнелейтін ойық жарадан басқа, өзге 
мүшелер ауруының бір көрінісі ғана болып табылатын симптомдық ойық жаралар тобы 
да бар. Бұл топқа эндокриндік аурулардан (паратиреоздың, тиреотоксикоздың, 
Эллисон—Золлингердің 
эндокриндік ойық жаралары
), қанайналымы жедел немесе 
созылмалы бұзылғанда (
дисциркуляциялық ойық жаралар
), сыртқы және ішкі уытты 
әсерден (
уытты әсер (токсикалық

ойық жаралар)
аллергиядан (
аллергиялық ойық 
жаралар

, спецификалы қабынудан (
туберкулездік, сифилистік ойық жаралар
), 
асқазан мен ішекке жасалған операциядан кейін (
операциядан кейінгі ойық жаралар

және дәрі-дәрмектердің әсерінен (мысалы, кортикостероидтермен, ацетилсалицилат 
қышқылымен емдегенде байқалатын 
дәрі-дәрмектік ойық жаралар
) қалыптасатын 
ойық жаралар жатады. 
Ойық жаралы ауру кең таралып, қала тұрғындарында, әсіресе ер адамдар 
арасында жиі кездесетін ауру. Ойық жара асқазанның денесінен гөрі пилорус-
дуоденум аймағында жиірек қалыптасады. Ойық жаралы ауру — адамға ғана 
тән дерт. Оның басты себебі — стресті (шетен) әсер, сондықтан XX ғасырда 
ойық жаралы аурумен сырқаттану дүние жүзінің барлық елдерінде көбейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет