Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет435/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   832
ЭНТЕРОПАТИЯЛАР 
Энтеропатиялар
— ішектің созылмалы ағымды аурулары; энтероциттердің 
ферменттері тұқым қуалап немесе жүре ақаулы болады (ішектік 
ферментпатиялар). Белгілі бір ферменттің белсенділігі төмендесе немесе мүлде 
жойылса, сол фермент ыдырататын заттар ішек арқылы қажетті мөлшерде 
сіңірілмей, 
сіңірмеу
синдромы
(
malabsorption
sindrom
) дамиды.
Энтеропатияларға: 1) дисахаридазалық жеткіліксіздік (мыс., алактазия), 2) 
гиперкатаболизмдік 
гипопротеинемиялы 
энтеропатия 
(ішектік 
лимфангиоэктазия) және 3) глютендік энтеропатия (бейтропикалық спру, спру-
целиакия) жатады. 
Патологиялық анатомиясы
. Әртүрлі энтеропатиялардың патологиялық 
анатомиясы ұқсас. Аш ішекте түрлі дәрежелі дистрофиялық және атрофиялық 
үдерістер байқалады. Ішектің бүрлері қысқарып, жуандайды, микробүрлері 
жойылады, энтероциттері азайып, вакуольденеді, крипталары тереңдеп, базал 
мембраналары қалыңдайды. Кілегейлі қабықшаға плазмациттер, лимфоциттер
макрофагтар шоғырланады. Аурудың ақырғы кезеңінде бүрлер түгел жойылып, 
кілегейлі қабықша шорланады. 
Гиперкатаболизмдік гипопротеинемиялы энтеропатия
кезінде аталған 
өзгерістер орын алып, ішектің іргесіндегі лимфалық капиллярлар мен қан 
тамырлары күрт кеңиді (ішектік лимфангиоэктазия). Ішектің кілегейлі 
қабықшасынан алынған биоптатты гистофермент химиялық тәсілмен 
зерттегенде энтеропатияның белгілі бір нысанына тән ферменттік өзгерістер 


Нуржігіт Алтынбеков 
357
анықталады. Мысалы, 
дисахаридазалық энтеропатия
кезінде лактоза мен 
сахарозаны ыдырататын ферменттердің жеткіліксіздігі байқалады. Ал 
глютендік энтеропатияны
глютенсіз (аглютенді) диета ұстанғанға дейін және 
одан кейін алынған энтеробиоптаттарды салыстырмалы зерттеп қана анықтауға 
болады. 
Энтеропатияның 
зардаптары 
ауыр ағымды 
созылмалы 
энтериттің 
зардаптарымен бірдей. Ол да сіңірмеу синдромына, гипопротеинемияға, 
анемияға, эндокриндік өзгерістерге, авитаминоздарға, су сіңіп ісіну синдромына 
ұшыратады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет