Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет424/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   832
Байланысты:
струков патан

Морфогенезі
мен
гистогенезі
. Асқазан карциномасының морфогенезі мен 
гистогенезі әлі толық айқындалмаған. Бұл ісік даму үшін асқазанның кілегейлі 
қабықшасы қалыпты құрылысынан тайып, ракалдылық үдеріске айналуының 
үлкен маңызы бар екені күмәнсіз. Қалпынан тайған құрылымдар карциноманың 
құрамынан да табылады. Сондықтан карцинома 
асқазанда
бұрын
қалыптасқан

өзінің туындауына қолайлы үдерістер 
желеуінде
өрбиді деп тұжырымдауға 
әбден болады. 
Бұл ісіктің морфогенезін асқазанның кілегейлі қабықшасындағы эпителийдің 
дисплазиясы және ішектік метаплазиясы арқылы бірсыдырғы түсіндіруге 
болады. 
Эпителийдің дисплазиясы
деп — эпителийлі қабаттың әр жерінде көбейіп 
толыспаған, сондықтан атипиялық дәрежесі әртүрлі жасушалардың пайда 
болуы аталады. Асқазанның кілегейлі қабықшасындағы дисплазия бірнеше 
дәрежелі, оның ауыр дәрежелі типі бейинвазиялы карциномаға (
cаrсіnоmа
іn
sіtu
) ұқсайды. Карциноманың гистологиялық құрылымы мен толысу дәрежесі 
дисплазия жамылғы-шұңқырлық эпителий мен бездің мойынындағы 
эпителийдің қайсысында басымырақ дамығанына байланысты деп есептеледі. 
Асқазанның кілегейлі қабықшасындағы эпителийдің 
ішектік
метаплазиясы
— асқазанда карцинома туындататын негізгі факторлардың бірі. Бұл тұрғыдан, 
әсіресе құрамына мутанттық әсері бар канцерогендерді сіңіргіш жасушалар 


Нуржігіт Алтынбеков 
348
кіретін, ішектік шала метаплазияның маңызы зор. Ішектік метаплазия ошағында 
жасушалардың толысуы нашарлайды, сол себепті ол ошақта дисплазиялану 
байқалып, антигенді (карцинома-эмбриондық антиген) жасушалар пайда 
болады. 
Сонымен, асқазан карциномасының морфогенезі үшін 
эпителийдің
(шұңқырдағы, без мойынындағы) 
метаплазиясыз
дисплазиялануының
және 
эпителийдің
(ішектік типке) 
метаплазиялануының
зор әсері бар. Дегенмен, 
асқазан карциномасы 
de
novo
,
яғни дисплазиялық және метаплазиялық 
өзгерістерсіз-ақ дами алады. 
Бұл мүшеде орын алатын карциноманың барлық гистологиялық типінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   420   421   422   423   424   425   426   427   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет