203-сурет. Іш пердесі мен шажырқайлық лимфалық жолдар арқылы жайылған карцинома (ақ
жолақтар).
Карциноманың шажырқайдың лимфалық түйіндеріндегі метастаздары.
Іш пердесінің карциноматозы асқазанның карциномасы кезінде жиі
байқалатын үдеріс. Өйткені, карцинома іш пердесіне лимфогендік жолмен ғана
емес,
имплантациялық жолмен де жайылады (203-суретті қара). Іш пердесіне
түрлі көлемді ісік түйіндері себіле жайылып, бірігіп, ішекті қоршап алып, ірі-ірі
конгломераттар түзеді. Біразында ішке ұйымалы немесе фибринді-
геморрагиялы жалқық жиналып,
канцерлік перитонит дамиды.
Гематогендік метастаз қақпалық венаның жүйесі арқылы жайылып,
асқазан карциномасының 1\3—1\2-інде ең алдымен
бауырда пайда болады (204-
сурет). Жеке немесе көп түйіндер бауырды біраз жағдайда толық жайлап кетеді.
Метастаздар тым көп болса, бауыр тым ұлғайып, массасы кейде 8—10 кг
жетеді. Метастаздық түйіндер некрозға ұшырап, ыдырап, кейде ішке қан
кетуіне немесе перитонит дамуына себеп болады. Гематогендік жолмен
метастаздар ұйқы безіне, сүйектерге, бүйрекке, бүйрекүсті безіне де
шашырайды, кейде
өкпе мен
плеврада милиарлы карциноматоз өрістейді.
204-сурет. Асқазан карциномасының бауырдағы метастазы. Ісік қақпалық венаның төңірегін жайлаған.
Асқыну зардаптары екі топқа жіктелген. Олардың бірінші тобы ісікте
дамыған некроз және қабыну үдерістерімен, ал екінші тобы карциноманың өз
төңірегіндегі
мүшелер
мен
тіндерге
жайылып,
шалғай
жерлерге
метастаздануымен байланысты.
Карциномадағы
некроздың салдарынан асқазанның
қабырғасы тесіліп ,
қан кетеді немесе ісіктің
төңірегі қабынады (
перитуморлық ,
периульцерлік қабыну ), тіпті
флегмона дамуы мүмкін.
Карцинома бауырдың қақпасына немесе ұйқы безінің басына жайылып,
қысып тастаса немесе өт жолдары мен қақпалық венаны бітесе, науқастың
денесі
сарғаяды ,
қақпалық гипертензия дамып,
асцит байқалады. Ісік тоқ
ішектің көлденең бөлігін немесе аш ішек шажырқайының түбіріне жайылса, бұл
мүшелер тарылып, бүріседі,
ішек түйнемесіне ұшыратуы да мүмкін.
Асқазанның кардиум бөлігіндегі карцинома кейде өңешті қамтып, оның
саңылауын тарылтады. Пилорустағы карцинома да, ондағы ойық жара сияқты,
асқазанның қалтқысын тарылтады , сол себепті асқазан күрт кеңіп,
«асқазандық тетанияға» тән клиникалық нышандар орын алады.