Нуржігіт Алтынбеков 353
Карцинома көкеттен өтіп, көбіне
плевраға жайылады , сөйтіп
геморрагиялы немесе
фибринді-геморрагиялы плеврит дамиды. Ісік диафрагманың сол жақ
күмбезін тесіп өтсе,
плевралық эмпиема өрістейді.
Асқазан карциномасымен сырқаттардың көбі әртекті улардың әсерінен және
асқорыту үдерісі бұзылып, қоректік заттар жеткіліксіз болғандықтан
қатты жүдейді .
Ішек аурулары Ішектің клиникалық тұрғыдан маңызды патологиясына қалыптасулық
кемістіктер (мегаколон, мегасигма, дивертикул, стеноз, атрезия), қабынулық
(энтерит, аппендицит, колит, энтероколит) пен дистрофиялық (энтеропатия)
үдерістер және ісіктер (полип, карциноид, тоқ ішектің карциномасы) жатады.
Қалыптасулық кемістіктер . Кейде тоқ ішектің өне бойының (
мегаколон –
megacolon congenitum ) немесе қима ішектің (
мегасигма –
megasigmoideum ) бұлшықетті қабаты өте
қалың, саңылауы тым кең болып қалыптасады. Бұл тума кемістіктердің ерекше нысаны.
Тума аурулар тобына
ішектің дивертикулдары жатады
. Iшектің бүкіл қабаты (шынайы
дивертикул) немесе кілегейлі қабықшасы мен кілегейастылық қабатының ғана
бұлшықетті құрылымдары (жалған дивертикул) ақаулы болып, бұлтиюы мүмкін.
Әдетте, дивертикул аш ішектегі кіндік-ішек жолының қалдығынан (
Миккель дивертикулы ) немесе қима ішекте қалыптасады. Дивертикул көп болса,
дивертикулез деп аталады. Тоқ ішектегі дивертикулдың ішіне нәжіс іркіліп, кейде нәжістік тастар
байланып, іргесі қабынады (
дивертикулит ), тіпті тесіліп, перитонит дамуы да мүмкін.
Ішектің кей жерлері туа тар (
стеноз ) немесе бітеу (
атрезия ) болады. Бұл ақаулар көбіне
ұлтабардың ащы ішекке және аш ішектің мықын бөлігінің бүйенге ұласатын тұсында
жиі ұшырасады. Стеноз бен атрезияның салдарынан ішек түйілуі мүмкін
(«Балалық шақ ауруларын» қара ).