Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет432/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   428   429   430   431   432   433   434   435   ...   832
Қабыну
үдерісі
кейде аш ішекте (
энтерит
) немесе тоқ ішекте (
колит

басымырақ болады, енді бірде ішектің өне бойын түгел жайлайды 
(
энтероколит
). 
ЭНТЕРИТ 
Энтерит
аш ішектің өне бойын үнемі түгел қамтымайды. Сол себепті 
ұлтабар қабынса, дуоденит деп, ащы ішек қабынса, 
еюнит
деп, ал оның мықын 
бөлігі ғана қабынса, 
илеит
деп аталады. Энтерит жедел және созылмалы 
ағымды. 
Ж
ЕДЕЛ ЭНТЕРИТ
 
Жедел энтерит
— аш ішектің жедел қабынуы. 
Этиологиясы
. Энтеритті тырысқақтың вибрионы, іш сүзегінің таяқшасы
колибацилла, стафилококк пен вирустар қоздырады. Ол сепсистің, лямблиоз 
бен описторхоздың, әсіресе сальмонеллез бен ботулизм сияқты тағамдық уытты 
инфекциялардың 
салдары 
ретінде, 
химиялық 
заттармен 
және 
саңырауқұлақтармен уланғанда дамиды. Жедел энтерит алиментарлық (тым 


Нуржігіт Алтынбеков 
354
тою, дұрыс өңделмеген немесе тәтті тағам, күшті спирттік ішімдіктер ж.т.б.) 
және аллергиялық (кейбір тағамдар мен дәрілерге идиосинкразия) әсерден де 
туындайтыны белгілі. 
Патологиялық анатомиясы
. Жедел энтерит көбіне катарлы, фибринді, 
іріңді, некрозды-ойық жаралы болады. 
Ең жиі кездесетін энтерит 
— 
катарлы энтерит
. Ішектің кілегейлі қабықшасы 
қан толып, су сіңіп ісінеді, бетін ұйымалы, ұйымалы-шырышты немесе 
ұйымалы-іріңді экссудат жауып кетеді. Кілегейлі қабықшаның асты да су сіңіп 
ісініп, қабынады. Әсіресе бүрлерінің ұшындағы эпителий дистрофияға ұшырап, 
сыдырылады (
катарлы десквамациялы энтерит
), бокалша жасушалар көбейіп 
(«бокалшажасушалық трансформация»), ұсақ эрозиялар мен қанды ошақтар 
пайда болады. 
Энтерит
, әсіресе 
илеит
фибринді
болса, кілегейлі қабықша некрозға ұшырап, 
фибринді экссудат түзіліп, оның үстін боз немесе бозғылт сұр қабыршық 
басады. Некроз үстіртін болса, 
крупті
энтерит, ал терең жайылса, 
дифтеритті
энтерит дамиды. Кейін дифтеритті қабыршық сыдырылған жерлерде терең 
ойық жаралар қалыптасуы да мүмкін. 
Іріңді
 
энтерит
кезінде ішектің бүкіл қабаты іріңдейді (
флегмоналы энтерит

немесе лимфалық фолликулдардың маңында іріңдіктер түзіледі (
апостемалы
энтерит
). 
Энтерит некрозды-ойық жаралы
болса, деструкциялық үдерістер басым 
болады, кейде (мысалы, іш сүзегінде) ішектегі жекелеген және топтасқан 
фолликулдар басымырақ зақымдалады, енді бірде, лимфалық құрылымдар 
бүлінбей, үдеріс тек қана кілегейлі қабықшаны қамтиды. Грипп, сепсис сияқты 
ауруларда дамыған некрозды аймақтар мен ойық жаралар көбіне көлемді 
болып, аллергиялық васкулит, түйіншекті периартериит кезінде шектеліп, ұсақ 
ошақты келеді. 
Жедел энтериттің барысында ішектің лимфалық құрылымдарындағы 
ретикулалық макрофагтар көбейіп, түрленеді (трансформация). Бұл үдерістің 
айқындығы кілегейлі қабықшадағы қабыну үдерісінің сипатына сәйкес 
болмайды. Кейде аталған үдерістер тым өрістеп (мысалы, іш сүзегімен 
сырқаттарда жекелеген және топтасқан фолликулдар ми тәрізденіп, ісінеді), 
ішектің ауыр зақымдалуына себеп болады. 
Ішектегі үдерістердің салдарынан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   428   429   430   431   432   433   434   435   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет